Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Менингококктық жұқпа (инфекция)

Менингококктық жұқпа – менингококк шақыратын кесел, көбіне іріңді менингит түрінде көрінеді.
Жұқпа көзі науқас адам немесе меннингококктың дені сау тасымалдаушысы болып табылады.
Берілу жолы – ауалық-тамшылық. Жұғу жақын контактта өтеді. Көбіне балалар ауырады. Кеселдің кезең сайынғы өршуі 10-20 жыл аралықта қыс-күз айларында байқалады. Жұқпаның кіру қақпасы мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығы болып табылады.
Инкубациялық кезеңі 3 күннен 20 тәулікке дейін (көбіне 5-7 күн). Кесел шарт бойынша жедел, кенеттен қалтырап-дірілдеумен және дене температурасының 38-40оС-ге дейін көтерілуімен басталады. Науқастардың бір бөлігінде менингит белгілерінің пайда болуынан 1-5 тәулік бұрын назофарингит симптомдары болады (көмекейдегі қырнау мен ауыру, мұрынның бітелуі, түшкіру).
Жалпы әлсіздік, көз алмасындағы ауыру, маңдай-самай, сирегірек желке аумағындағы бас ауыруы пайда болады. Бас ауруы тез үдейді, азапты, сығу сипатында білінеді. Жүрек айнуы, кезең сайын науқасқа жеңілдік әкелмейтін құсу туындайды. Сыртқы тітіркендіргіштердің бәріне жоғары сезімталдық, әлсіздік, тежелу, ұйқы бұзылысы пайда болады. Кесел білінісіндегі жетекші орынды – желке бұлшықеттерінің қатаюы (ригидтілігі) иеленеді – науқас иегін кеудесіне тигізе алмайды. Сырқаттардың бір бөлігінде кеселдің алғашқы сағаттарында жұлдыз тәрізді дұрыс емес формадағы және әр түрлі өлшемдегі қанталаулар түріндегі бөртпе пайда болады. Олар көбіне мықында, санда, балтырда, қолда, шап пен қолтық асты аумағында, сирегірек бетте орналасады.
Бұл кеселге күмән туғанда науқасты ауруханаға эвакуациялау үшін шұғыл көмекті тез арада шақыру қажет.
Менигококктық менингитпен ауырғандар 2 жыл бойына диспансерлік есепте тұрады.      

Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы  аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет ekzosick.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (03.05.2015)
Просмотров: 1697 | Теги: кеубасов, назофарингит, урак, менингококктық менингит | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]