Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Марихуана несімен қауіпті

 

Есірткі тұтынуға байланысты миллиондаған адам өз өмірімен қоштасады. Ең өкініштісі, нашақорлар санына жастардың қосылуы.
Марихуана (қарасора) – бұл үнді сорасының кептірілген өсімдік жапырақтары, гүлдері және ұрықтары. Нашақұмарлар оны өз ыңғайына салып түрлі атайды: “жоспар”, “сабан”, “көк шөп”, “жақтау”, “түтін”, “арамшөп” және тағы басқаша.
Марихуананың құрамы рак дертіне шалдықтыратын 400-ден астам химиялық заттардан құралады. Оның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – тетрагидроканнабинол (қысқаша - ТГК). Бұл май торшаларына және ағзаға жиналып иммундық жүйені бұзады. Ол миға, жыныстық мүшелерге (тестикулдарға және аналық безге), ағзаларға – талаққа және өкпеге зиянды әсер етеді.
Жедел қосымша әсерлері
- түйсіктің бұрмалануы;
- үрей, қорқыныш;
- қатты мазасыздану;
- басқару қозғалысының нашарлауы;
- баяу реакция;
- ұйқы басу, өзін жабырқау сезіну;
- жүректің жиі соғуы және жүрек ұстамасының қауіпі.
Марихуананы қолдану мерзімі ұзарған жағдайдағы жанама әсерлер:
- организмнің ауруларға төтеп беру әлсіздігі (суық тиюге, бронхитке және т.б.)
- өкпе рагінің даму қауіпі;
- ерлердің жыныс мүшелеріндегі гормондар сақталуының төмендеуі;
- оқудағы қиыншылықтар: ақпараттарды оқу және оны меңгеру қабілеттерінің төмендеуі;
- қоршаған ортаны анық зерделеуге қабілетсіздік;
- селқостық, ұйқышылдық, уәждеменің жетіспеушілігі;
- жеке мінезінің және көңіл-күйінің өзгеруі.

 Гульнара Акановна БУХАНОВА,
дәрігер нарколог,
“Амбулаториялық емханалық қызметі бар
Жалағаш  аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш  ауданы

 

Сурет news.nur.kz сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (08.11.2014)
Просмотров: 1595 | Теги: буханова, зардаптары, марихуана, гульнара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]