Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЛЕПТОСПИРОЗ

Лептоспироз – бұл жануарлар мен адамның жұқпалы табиғи-ошақтық кеселі. Ол жануарларда симптомсыз ағым иеленеді, типтік оқиғаларда – қысқа мерзімді қызба, сарғаю, гемоглобинурия, іш тастау және т.б. болады. Лептоспироздың клиникалық анық білінетін формасында леталдық 20-25%-ке жетеді.  
Эпизоотология.
Шошқалар, ірі және ұсақ мүйізді малдар, жылқылар, иттер, түйелер, терісі бағалы аңдар, ұсақ жабайы сүтқоректілер ауырады. Лептоспирозға жануарлардың барлық жас топтары бейім, бірақ жас малдар аса қатты ауырады.
Жұқпа қоздырғышының көзі – ауру және ауыруды бастан өткерген жануарлар мен лептоспирозды тасымалдаушылар, олар қоздырғышты зәрмен бірге 2-24 ай бойына сыртқа бөледі.
Бұлар жайылымды, суды, топырақты, жемді, мал астының төсенішін және сыртқы ортаның басқа нысандарын жұқпаландырады.
Лептоспироз қоздырғышының берілуінің негізгі факторы – инфицирленген (жұқпаланған) су.
Лептоспиралар организмге зақымданған тері мен шырышты қабықтар арқылы өтеді. Жұғу лептоспиратасымалдаушы – кеміргіштерді және лептоспироз ауыруы бар сойылған мал өнімдерін жегенде болады.
Кеселдің жасырын (инкубациялық) кезеңі 3-5 тәуліктен 10-14 күнге дейін. Дерт жедел, жеделден төмен, созылмалы және симптомсыз өтеді. Адамдар лептоспирозбен жұқпаланған су көздеріне шомылғанда, кеміргіштердің бөліністермен ластанып, жұқпаланған тағам мен суды тұтынғанда, ауру малдарға күтім жасағанда, мал сойғанда, табиғи ошақ территориясындағы ауыл шаруашылық жұмыстарында және т.б. лептоспироз жұқтырады.
Алдын алу.
Шарушалықтарды жұқпа қоздырғышының келуінен қорғау үшін карантин жасау және малдарды тексеру атқарылады. Диагнозды дер кезінде қою үшін лептоспирозға күдікті барлық жануарлар тексеріледі.
Жануарларға күтім жасайтын адамдардың жеке профилактика ережелерін сақтауы және кеселге қарсы егілуі тиіс. Лептоспироздың алдын алу үшін кеміргіштерді жояды, мал су ішетін орындарға шомылуға тиым салынады және ауру малдарға күтім жасағанда қорғаныс киімі қолданылады.          

Сурет vip-vet.ru  сайтынан алынды

Ербол Елтайұлы НҰРҒАЛИЕВ,
зоолог маман,
Қызылорда обаға қарсы күрес стансасы,
Жосалы обаға қарсы күресу бөлімшесі,
Қармақшы ауданы

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (09.02.2015)
Просмотров: 2475 | Теги: нұрғалиев, ербол, Эпизоотология, алдын алу, лептоспироз | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]