Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Көптеген дәрі-дәрмекке тұрақтылығы бар туберкулез

Көптеген дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулез (немесе мультирезистентті туберкулез) – туберкулез таяқшасы бір мезгілде изониазидке және рифампицинге, туберкулезге қарсы ең ықпалды препараттарға тұрақтылық (резистенттілік) танытатын туберкулездің ерекшеліктік формасы.
Бұған қосымша басқа туберкулезге қарсы препараттарға да тұрақтылық болуы ықтимал. Бір мезгілде ең ықпалды екі медикаментке тұрақтылықтың болуы туберкулезді емдеуді қиындатады. Дәріге тұрақты мұндай туберкулезді емдеу ұзаққа (орташа 24 ай) созылады. Науқастардағы туберкулез микобактерияларын (ТМБ) қақырықты себу және онда аңғарылған туберкулез таяқшаларын дәрілік тұрақтылыққа тест жүргізу жолымен нақтыланады.
Туберкулездің мультирезистентті формасының алғаш рет анықталған және қайталап ауырғандар арасында болуы мүмкін. Туберкулездің көптеген дәрілерге тұрақты түрінің дамуына ықпал ететін факторлар: тұрақты емес, дұрыс емес бір рет немесе ұзақ үзілісі бар ем.
Мультирезистентті туберкулезді емдеудегі жиі үзілістер кеселдің үдеуіне жетелейді, басқа дәрілік препараттарға тұрақтылық пайда болады, дерттің дауасызға айналуы мүмкін.
Мұндай кеселі бар сырқаттардың бірнеше ережелерді есте сақтауы тиіс:
- дәрігер нұсқауын мүлтіксіз орындау, барлық препараттарды тұрақты қабылдау;
- қосымша реакциялар пайда болғанда бұл жөнінде емдеуші дәрігерді дереу құлағдар ету;
- препараттарды қабылдағаннан соң мүмкіндігінше денелік белсенділікті сақтау (мысалы, күнделікті серуендеу);
- калориясы жоғары тағамдарды тұтыну;
- дерттен сауығуына сену.
Шылым шегу, алкогольді және есірткілерді тұтыну препараттың жағуына теріс әсер етеді және сауығуға бөгет болады.   

Жұмагүл Байжігітқызы ҚАЗЫБАЙ,
І-ші санаттағы фтизиатр дәрігер,
диспансер бөлімінің меңгерушісі,
“Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансер” КММ,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет tb.org.ua сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (07.05.2015)
Просмотров: 1473 | Теги: ТМБ, қазыбай, мультирезистентті туберкулез, жұмагүл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]