Папилломатоз – адам папилломасы вирусы шақыратын кесел. Егер папиллома вирусы теріге түссе – сүйел дамиды, ал егер шырышты қабыққа, мысалы, жыныс мүшесіне, қынапқа, жатыр мойнына немесе артқы тесікке түссе – бұл жағдайда папилломалар үшкір ұшты кондиломалар деп аталады.
Кесел көбіне симптомсыз өтеді – мұндай жағдайда вирустың болуы ешқандай өскіндерді шақырмайды.
Дегенмен кондиломаларды еш жағдайда зиянсыз деп есептеуге болмайды. Өйткені кондиломалардың негізінде ісіктердің даму негізіндегідей үдерістер жатыр. Сондықтан ұзақ ағымдағы кондиломатоз рак алды жағдайға жатады. Мысалы, жатыр мойнының кондиломатозында қатерлі ісіктің даму ықтималдығы 50-60 рет артады.
Жан жаққа тараған кондиломалардың:
- жарақаттануы және қанауы;
- қалыпты жыныстық өмірге кедергі келтіруі;
- косметикалық ақау ретінде мазалауы;
- психологиялық жайсыздық (дискомфорт) шақыруы;
- қалыпты бала босануға кедергі келтіруі мүмкін.
Кондиломалардан басқа адам папилломасының мынадай түрлері болады.
Қарапайым (вульгарлық) папилллома диаметрінде 1 мм-дегі аздаған қатты түйін түрінде.
Түбірі жоқ папиллома. Дененің кез келген телімдерінде орналасады. Бірақ көбіне саусақтарда, сондай-ақ балалардың тізелерінде болады.
Табан папилломасы көбіне жекелеген формада кездеседі. Жүрген кезде жайсыздық және ауыру шақырады. Кейде өз бетінше жоғалып кетеді.
Тері папилломасы тіннің өсуімен, шаншып ауырумен және қышумен білінеді.
Бүгінгі таңда қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы ерте егу жүргізіледі.
Нурлыбек Темирбекович КОСАЕВ,
тері-венеролог дәрігер
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК
Сурет kozhatela.ru сайтынан алынды
|