
Холера – жаз-күз айларында эпидемияның таралуымен сипатталатын және ауыр жағдайларда организмді сусыздануға жетелейтін сұйықтар мен тұздарды тез жоғалтумен бірге мол іш өту дамитын жедел жұқпалы кесел. Ол аса қауіпті инфекция болып табылады.
Дертті холера вибриондары шақырады. Олар кәріз сулары құятын ашық су көздерінде ұзақ өмір сүреді.
Холералық вибриондардың көзі тек адам, науқас немесе вибрион тасымалдаушы.
Жұқпаның берілуі фекалдық-оралдық (нәжістік-ауыздық) жолмен өтеді. Көптеген эпидемиялардың пайда болуы ластанған суды тұтынумен сабақтас. Адамдардың холераны қабылдауы өте жоғары.
Жұқпа қақпасы ас қорыту жолы болып табылады.
Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 тәулікке дейін созылады. Кесел жедел басталады. Холераның алғашқы белгісі кенеттен басталатын ауырусыз іш өтуі болып табылады. Көптеген жағдайларда нәжіс ең басынан бастап сулы сипат иеленеді. Олардың иісі болмайды және түрі бойынша күріш қайнатпасын еске түсіреді. Ауыр жағдайларда стулдың бастапқы көлемі 1 литрден асуы мүмкін. Жақын уақыттарда кеселдің басталуынан сұйық жоғалту бірнеше литрді құрауы, мұның науқастың ауыр жағдайына жетелеуі мүмкін. Құсу іш өтуден соң кенеттен пайда болады, ешқандай кернеумен және жүрек айнуымен бірге жүрмейді, тез арада сулы болады және түрі бойынша күріш қайнатпасына ұқсайды.
Көп кешікпей күшті бұлшықеттік құрысулар пайда болады, көбіне балтыр тұсында.
Беті қусырылып, көздері шүңірейеді, терісін ұстап көргенде суық, жеңіл қатпарланады және баяу жазылады. Дауысы қарлығып шығады және жоғалады, ентігу пайда болады, дене температурасы қалыптан төмен түседі.
Мұндай сәтте науқасқа кезек күттірмес шұғыл көмек қажет.
Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет skuky.net сайтынан алынды
|