Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ХЛАМИДИОЗ

Кеселдерді тура нақтылау әдістерінің пайда болуымен ғалымдар маңызды жаңалық ашты: әйел бедеулігі мен жүктіліктің мерзімінен ерте үзілу себебіне кінәлі көптеген жағдайларда торшаішілік паразит – хламидия болып табылады.
Хламидиоз, яғни урогениталды (несеп-жыныстық) хламидиоз венерикалық кеселдер қатарына жатады. Бұл жұқпалы дертте хламидиялар адамның жыныс ағзалары мен зәр шығару жолдарын зақымдайды. Хламидиядан жер шары тұрғындарының 6-8%-і жапа шегеді.
Хламидиоз сондай-ақ тұрмыстық жолмен: қол алысқанда, ыдыстар, кір ысқыш-сүлгі және ортақ іш қиім арқылы да жұғады.
Жүкті әйелдердегі хламидиоз болашақ баласына да беріледі.
Еркектердегі хламидиоз:
- таңертең зәр шығару каналынан шыны тәріздес бөлініс бөлінеді, несептің алғашқы тамшысының лайлы болуы мүмкін;
- зәрге шыққанда қышу мен ашып ауыру байқалады;
- кейбір ер адамдарда зәрге шығу соңында немесе ұрық шашқанда қанды бөлініс пайда болады;
- науқастар әлсіздік сезінеді, температураның аздап көтерілуі мүмкін.
Әйелдердегі хламидиоз:
- қынаптан жағымсыз иісі бар немесе сарғыштау түсті бөлініс пайда болады;
- зәрге шығу кезінде қышу мен ашып ауыру байқалады;
- жалпы әлсіздік білінеді, кейде температура жоғарылайды.
Екі аптадан соң жоғарыда аталған симптомдар емдеусіз толығымен жоғалады. Ал хламидиоз ешқайда кетпейді, керісінше созылмалыға айналады. Хламидиялар иммундық жүйеге әсер етіп, оны әлсіретеді. Бұл кезде ішкі ағзалардың, буындардың және көздің зақымдануы мүмкін.
Әйелдерде жатыр түтіктерінде және құрсақ қуысында қабыну үдерістері дамып, соңы бедеулікпен аяқталуы мүмкін.
Хламидиоздың еркектерде де бедеулік шақыруы ықтимал, сондай-ақ аталық без қабынуы простатит дамиды.

Нурлыбек Темирбекович КОСАЕВ,
тері-венеролог дәрігер
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК

Сурет www.chlamidioz.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (01.05.2015)
Просмотров: 1272 | Теги: Нурлыбек, косаев, урогениталды (несеп-жыныстық) хлами | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]