Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Инсульт туралы

Инсульт – бұл нерв торшаларының зақымдалуы мен өлуіне жетелейтін ми қан айналысының жедел бұзылысы. Нерв торшаларының бір бөлігі өлгеннен кейін, организм солар жауап берген функциялардың бірінен айрылады: салдану (паралич), сөйлеуден айрылу және басқа елеулі бұзылыстар туындайды.
Фрамингендік және рочерстік зерттеулерге сәйкес ишемиялық инсульттен алғашқы 30 күнде болатын жалпы өлім 19%, ал жылдық тірі қалу 77%-ке тең.
Инсульттің қауіпі жас ұлғайған сайын өсе түседі, дегенмен осы кезде кесел қатты жасарады: 40 жаста инсульт алу сирек құбылыс емес.
Инсульттегі прогноз ми зақымдалуының үлкендігіне, алғашқы көмек көрсету сапасына, ауруханаға науқасты жеткізу жылдамдығына, одан әрі – оңалту шараларының дұрыс жүргізілуі мен көлеміне байланысты болады.
Инсульт көбіне таңертең ерте немесе кешқұрым кешірек пайда болады. Оның алғашқы белгілері мынадай:
- бет бұлшықеттерінің, қолдың немесе аяқтың, әсіресе дененің бір жағында кенеттен ұюы немесе әлсіреуі;
- тұтқиылдан пайда болатын артикуляция немесе сөзді, мәтінді қабылдау қиындықтары;
- бір көздің немесе екі көздің де көруінің күрт нашарлауы;
- қозғалыс үйлесімділігінің кенеттен бұзылуы, теңселіп жүру, бас айналу;
- кенеттен туындаған өткір және түсінілуі қиын бас ауруы.
Шарт бойынша, бұл біліністер жоғарылаған артериалды қысым фонында пайда болады.
Инсульттің түрін анықтау үшін мидың магнитті-резонансты томографиясы (МРТ) жасалады. “Ишемиялық инсульт” диагнозын қою мақсатында мойын және ми қан тамырларын ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) өткізіледі. Қосымша холтерлік мониторлау (ЭКГ-ны тәулік бойынша жүргізу) атқарылады.
Инсультта жоғалған қызметтерді қайта қалпына келтіру өте баяу өтеді, сондықтан инсультті бастан кешірген сырқаттар өздеріне ерекше көңіл бөлуді және ыждағатты күтімді талап етеді.    

 Куралай Мырзамуратовна ИЛЬЯСОВА,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет kakbik.ru640 × 426 сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (05.02.2015)
Просмотров: 1243 | Теги: инсульт, Куралай, экг, УДЗ, холтерлік мониторлау, МРТ, ильясова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]