Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гипертониялық криздегі шұғыл көмек

Гипертониялық криз – кезек күттірмес көмекті талап ететін артериалды гипертонияның қауіпті зардабы.
Гипертониялық криздің даму себептері өте көп. Оның ішіндегі маңыздылары:
- гипотензивтік препараттарды қабылдауды өз бетінше тоқтату немесе оларды тұрақты емес пайдалану;
- эмоционалдық стресс;
- ауа райының құбылуы, әсіресе атмосфералық қысымның бір текті болмауы;
- зорығу;
- алкогольді шектен тыс тұтыну;
- тойып тамақ ішу;
- денеге шектен тыс күш түсу және с.с.
Шұғыл көмек
Гипертониялық кризде ешқашан қан қысымын күрт төмендетуге болмайды. Мұның естен танумен бірге коллапсқа жетелеуі мүмкін. Ауыр жағдайда айналымдағы қанның азаюы себепті мида және басқа ағзаларда ишемиялық өзгерістердің пайда болуына әкелуі ықтимал.
Қан қысымын сағатына 20-30 ммсынбағ-нан аспайтын деңгейде азайтады.
Егер гипертониялық криз алғаш рет аңғарылса, дәрігерге қаралу немесе “жедел жәрдем” шақыру қажет.
Шұғыл көмекте ең бастысы науқасты тыныштандыру маңызды. Корвалол, валерьяна немесе пустырник тұнбасын қабылдауға болады. Тыныс алуды қалпына келтіру мақсатында бірнеше рет терең ішке тыныс алу және сыртқа дем шығару атқарылады. Науқасты мүмкіндігінше жастықтың көмегімен жартылай отыру кейіпін беріп төсекке жатқызу, оны қымтап және тыныштық қамтамасыз ету керек. Басына мұзы бар қауақ немесе салқын компресс, табаны мен балтырына ыстық жылытқыш қояды (15-20 минутке).
Төс асты ауырғанда 1 таблетка нитроглицерин ішкізіп, “жедел жәрдем” бригадасын шақырады.
Артериалды гипертензиясы бар адамдарға емдеуші дәрігерлер әрқашан каптоприл (капотен) немесе (нипедипин, коринфар, кордафлекс) сияқты препараттарды қол жетімді жерде ұстауға кеңес береді.

Галия Талгатовна НУРСЕЙТОВА,
жедел жәрдем дәрігері,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы

Сурет lekpravda.com сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (09.02.2015)
Просмотров: 1730 | Теги: шұғыл көмек, гипертониялық криз, нурсейтова, галия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]