Сора (каннабис) препараттарын есірткілік мақсатта тұтыну нашақорлықтың барынша кең тараған түрі болып табылады. Есірткілік әсерді сорада болатын психобелсенді заттар – каннабиноидтер береді. Сораның әр түрлі бөліктерінен дайындалған есірткілік заттар әр түрлі наркогендік қасиетке ие. Сораның сабақтары мен аздаған гүлдері бар жапырағы қосылып дайындалған есірткіні марихуана деп атайды (mariquango – деген португал сөзі). Каннабис шөбінің гүлдеген ұшынан жиналған қарамайлық заттар гашиш деп аталады. Гашиш майы – бұл өңделмеген материалдан немесе қарамайдан экстракция көмегімен алынатын концентрирленген каннабиноидтар. Біздің елімізде көбіне гашиш және соңғы жылдары – марихуана қолданылады.
Сораның есірткілік қасиеттері ежелгі халықтардан бері белгілі. Ол жөнінде еске алуды ежелгі индиялық және ежелгі қытайлық қолжазбалардан кездестіруге болады. Сора мас қылатын бұйым ретінде спирттік ішімдіктерді тұтыну тиым салынған шығыстың мұсылман елдерінде кең тараған. Бұл елдерде гашиш алкогольдың орнын басушыға айналды. Сора препараттарын алғашқы ғылыми зерттеу ХІХ ғасырдың басы мен ортасына келеді. АҚШ-да 30-шы жылдары марихуананың таралуына тиым салынды және қатаң жазаланды. АҚШ-да 60-шы жылдардың басынан бастап, кейін европалық елдерде марихуананы шектен тыс тұтыну эпидемиялық сипат иеленді. АҚШ-да марихуананы шегу оқиға санының әсіресе жасөспірімдер арасында барынша өсуі 70-ші жылдары байқалып, 1979 жылы өз шыңына жетті. Одан соң аздап төмен түсіп, 90-шы жылдары марихуананы жастардың тұтыну деңгейінің артуы қайтадан байқалады. Дәстүрлі түрде спирттік ішімдікке тиым салынған оңтүстік мұсылман елдерінде гашишизмге 20-дан 40 жасқа дейінгі еркектердің 60%-іне дейін шалдыққан. Гашишизм маскүнемдіктен кейінгі әлемде ең кең тараған наркотизм түрі болып табылады.
Сораны тұтынудың барынша кең тараған тәсілі – оны шегу, алайда есірткіні тағаммен немесе ішімдіктермен бірге ішке тұтынуға болады. Бірінші жылда есірткіні эпизодтық (ара кідік) тұтыну (аптасына 1-2 рет) есірткіге бой үйренуді дамытпайды. Тек қана гашишке басымдық беру жоқ. Шегуші алкогольді қанағаттана тұтынады. Ол гашишті іздемейді, алайда оған есірткі ұсынылса, бас тартпайды. Алғашқы кездері либидо мен потенция артады. Бұл есірткіні аракідік тұтыну себебі болуы мүмкін. Гашиш шегу біртіндеп үйреншікті рахаттануға айналады, оның болмауы қанағаттанбау сезімін шақырады. Гашишпен созылмалы улану (интоксикация) ауру адамдардың тұлғасының өзгеруіне жетелейді. Науқастарда «түрткісі жоқтық - амотивациялық синдром» (шет елдік зерттеушілердің терминологиясы бойынша) дамиды. Олар пассивті, пәс, томаға – тұйық, тұнжыр болады. Зейіні тұрақсыз келеді. Есте сақтау қабілеті төмендейді.
Есірткі препараттарын созылмалы тұтыну бірқатар соматикалық ауытқуларға жетелейді. Гашишемандарда созылмалы бронхиттер мен тыныс жолдары рагі дамуының жоғары қауіпі білінеді, егер каннабисті анасы жүктілік кезінде тұтынса баланың аз салмақпен дүниеге келу қауіпі де жоғары.
Кульзира Амангельдиевна НАБИЕВА,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК,
№4 наркологиялық аймақ нарколог дәрігері
Сурет www.russlav.ru сайтынан алынды
|