Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Есірткіге тәуелділіктен арылту

Тәуелділік – нашақорлықтың негізінде жатқан проблема. Тәуелділікті героин, никотин, кокаин, алкоголь және барбитураттар жиі шақырады. Тәуелділік денелік (физикалық) және жүйкелік (психикалық) болып бөлінеді. Денелік тәуелділікті барлық есірткі шақырмайды. Мысалы, ЛСД-дан, сорадан, кокаиннен, экстазиден және кейбір басқа заттардан денелік тәуелділік кездеспейді.
Денелік тәуелділікті тудыруға аса қауіптілер қатарына апиындықтар (морфин, героин және с.с.) жатады.
Денелік тәуелділік абстиненттік (ажырау-морт сыну) синдромынан кейін болады. Морт сынуды жеңілдетудің бірқатар әдістемелері де бар – ауру жоятын, тыныштандырғыш препараттар, арнайы гимнастика, аутотренинг. Денелік тәуелділікті алып тастаудың бүгіндегі ең жақсы тәсілі – уытсыздандыру (детоксикация) болып табылады.
Психикалық тәуелділік барынша елеулі проблема. Апиындықтардан болатын психикалық тәуелділікті кешенді емдеудің кең тарағаны – науқастың есірткіні қабылдаушылығын налоксон немесе налтрексон препараттарының көмегімен ұзақ бөгеу болып есептеледі. Бұл бұйымдардың әсерінен героин инъекциясы сырқатқа ешқандай әсер етпейді. Екінші жағынан басқа қауіп бар: нашақор ықпалға қол жеткізу үшін қажетті сезім алу мақсатында қосымша доза енгізіп, есірткіні мөлшерден тыс қолдану нәтижесінде тыныс алу орталығының күйреуінен дүниеден өтуі мүмкін.
Нашақорлыққа қарсы психотерапияның қолданылуы міндетті. Гипноз, өзара демеу топтары (беймәлім нашақорлар) және т.б. технологиялар пайдаланылады. Бұл әдістердің салыстырмалы ықпалдылығы жөнінде сөз қозғау артығырақ, өйткені әрбір әдістемені адамның қабылдау қабілеті жеке тұрғыда болады. Соңғы кездері елімізде метадондық бағдарлама енгізілуде. Мұны арнайы оқыған мамандар жүргізеді.    

Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК
     

Сурет lekpravda.com сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (26.01.2015)
Просмотров: 1647 | Теги: метадондық бағдарлама, сейлханова, налтрексон, гулаим, налоксон, Детоксикация | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]