Алкоголь немесе басқа бір зат болсын есірткі тұтынуға деген күшті құмарлықтан бөлек адамда басқа елеулі проблемалар туындатады:
- есірткінің әсер ету кезінде шақырылған психиканың тікелей өзгеруі (мастану, иллюзиялар, галлюцинациялар);
- қабылданатын дозаны арттыру қажеттілігіне байланысты оны шамадан тыс қабылдау қауіпі;
- заттың өзі тигізетін (алкоголизмдегі бауыр циррозы) немесе оның процесі шақыратын (есірткіні вена арқылы қолданатындағылардағы сепсис) зиян;
- абстиненция (морт сыну, бас жазу қажеттігі), оның ішінде делирий (ақ қызбалық);
- әдеттегі эффекттен бөлек психикалық бұзылыстар (әр түрлі психоздар мен маниялар);
- есірткінің әсерінен психиканың бұзылуы (кемақылдылық, амнезия);
- есірткінің әсерінен өзін сақтау инстинкті, қозғалыс үйлесімі бұзылысы шақырған жарақаттар (маскүнемдердегі суықта үсу, кейбір галлюциногендерді немесе ынталандырғыштарды және с.с. тұтынушылардағы ұшуға қабілет сезімінің пайда болуынан терезеден құлау және т.б.).
Кез келген адамның сол немесе басқа дәрежеде нашақор болу қауіпі бар - өмірді болжап болмайды, алайда басқаларға қарағанда есірткіге тәуелділікке бейім адамдар болады. Нашақор болған адам, ерте ме, кеш пе тұлға ыдырауының (деградациясының) барлық сатысынан өтеді, көп кешікпей өз отбасының, жақындарының қарғысына ұшырайды және айналасындағыларға масыл болады.
Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК
Сурет neboleyte.ru сайтынан алынды
|