Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЕСЕКЖЕМ (ЭКЗЕМА)

Есекжем (экзема) – терінің беткі қабаттарының созылмалы рецидивтелуші қабынуы. Бұл мейлінше кең тараған кесел – тері дерттерінің 30-40 проценті дәл осы есекжемге тура келеді.
Есекжемнің дамуында қандай да бір себепті бөліп көрсету мүмкін емес. Ол организмге нейроаллергиялық, эндокриндік, алмасушылық пен эндогендік (сыртқы) факторлардың кешенді әсер ету нәтижесінде дамиды. Мыналардың негізгі рөлі бар:
- аллергиялық реакциялардың пайда болуына тектік бейімділік;
- иммундық бұзылыстар;
- эндокриндік (гормоналдық) ауытқулар;
- асқазан-ішек жолдарының, бауырдың аурулары, сондай-ақ табан микоздары;
- есекжемнің пайда болуында адамның жан дүниесінің жағдайы үлкен рөл атқаратыны дәлелденген, яғни стресстер, нервтік толқу және т.б. экземаның дамуына жол ашады: жүйке жұқарғанда денедегі бар есекжем асқынады;
- балаларда экссудативтік диатез және атопиялық дерматит фонында экземаның білінуі мүмкін;
- кәсіби факторлар – металлургия зауыттарында, химиялық өндірістерде, фармацевтикалық және тағамдық салаларда жұмыс істеу кәсіби есекжемнің дамуын шақыра алады.
Шынайы есекжем нақты шекарасы жоқ тері қызаруынан (эритемадан) басталады. Шарт бойынша бөртпелер симметриялы, қол мен аяқ, дене терілеріне таралуы мүмкін.
Микробтық есекжем қандай да бір жұқпа – стафилококктық немесе стрептококктық инфекция нәтижесінде, әсіресе әлсіреген адамдарда төмендеген иммунитетте дамиды.
Бала есекжемі бет терісіндегі, бастың шаш бөлігіндегі бөртпелерден басталады, ол дененің басқа телімдеріне таралады.
Себореялық есекжем май бездері мол тері телімдерінде – бетте, бастың шаш бөлігінде, кеудеде, жауырын арасында орналасады.
Кәсіби есекжем терінің анық телімдерін зақымдайды (қолдар, мойын мен бет). Жұмысты ауыстыру мен зиянды фактормен контактты доғару кейде бөртпенің жойылуына жетелейді.          

Нурлыбек Темирбекович КОСАЕВ,
тері-венеролог дәрігер
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК

Сурет thebestdoctors.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (02.05.2015)
Просмотров: 4707 | Теги: Нурлыбек, косаев, есекжем (экзема) | Рейтинг: 1.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]