Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


БОТУЛИЗМ

Ботулизм – ботулизм бактериялары өндірген уыт (токсин) бар азық-түліктерді тұтыну нәтижесінде туындайтын және мускулатураның параличімен сипатталатын жедел жұқпалы кесел.
Қоздырғышы – ботулизм таяқшасы деп аталатын клостридий туыстығының бактериясы. Ол екі формада – вегетативтік және споралық түрде болады.
Қоздырғыштың көзі – топырақ, көл мен теңіздің лайы, жабайы және үй жануарларының, құстардың, балықтардың, моллюскалардың ішкі заттары.
Кесел ботулизм клостридияларымен зарарланған және жеткілікті термикалық өңдеуден өтпеген оттегі жоқ немесе жеткіліксіз жерде сақталған азық-түліктерді тұтынғанда болады. Әдетте бұл консервілер немесе ұзақ сақталған азық-түліктер (шұжықтар, ысталған, тұздалған ет, балық).
Адамдардың ботулизмді қабылдауы өте жоғары.
Дерт көбіне үйде бұқтырылған саңырауқұлақтарды, ысталған балықты тұтынғанда болады. Отбасылық кесел өршуі туындайды.
Науқас адамдар жұқпалы емес.
Инкубациялық кезең – бірнеше сағаттан тәулікке дейін, сирегiрек 2-3 күнге дейін және адам организміне түскен ботулотоксинге байланысты болады.
Дерт шарт бойынша тұтқиылдан басталады.
Сырқат адамда ауыз құрғауы мен бұлшықет әлсіреуі байқалады, көруі бұзылады. Оны көз алдындағы “тұман”, “тор” мазалайды, жақын заттар нашар аңғарылады. Науқас оқи алмайды, заттардың қосарлануы байқалады. Жұту жиі бұзылады. Жұтыншақтағы бөгде зат болу сезімі, шашалып-қақалу, асты жұтудың қиындауы пайда болады. Ауыр жағдайларда судың мұрын арқылы сыртқа төгілуі мүмкін. Науқастарда дауыстың жоғарылығы мен тембрі өзгереді. Беті маскаға ұқсас, қарашықтары кеңейген, тыныс алуы беткейлі болады.
Науқасқа шұғыл көмек қажет.
   
 

Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы  аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет med36.com сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (30.04.2015)
Просмотров: 1108 | Теги: кеубасов, ботулотоксин, урак, ботулизм | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]