Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


БЕЗГЕК

Безгек (малярия) – плазмодий туыстығының қарапайым паразиттері шақыратын жедел инфекциялық кеселдер тобы. Ол қызбалық ұстамалармен, қаназдықпен, бауыр мен талақтың ұлғаюымен сипатталады.
Адам безгегін плазмодий қоздырғышының 4 түрі шақырады: тропикалық, үш-күндік, төрт-күндік және овале-безгектік.
Жұқпа көзі науқас адам немесе кесел қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады. Жұқпа тасымалаушы – масалардың кейбір түрлері.
Безгектің түрлеріне байланысты инкубациялық кезең 8-25 күнді құрайды. Үш-күндік безгекте дерт жұққаннан кейін 6-14 айдан соң басталуы мүмкін. Безгектің бастапқы білінуі кезең сайынғы қалтырап-дірілдеумен, жоғары терлеумен, бұлшықеттердегі, буындардағы, белдегі ауырулармен, дене қызуының аздап көтерілуімен, стулдың сұйылуымен білінеді.
Аталған құбылыстар 2-ден 5 күнге дейін сақталады. Одан соң безгекке тән қызбалық ұстамалар пайда болады. Ұстамалар шарт бойынша күнара қайталанады. Тропикалық безгекте олар күнделікті байқалады. Қызбалық ұстамалар әдетте таңертең тәуліктің бірінші жартысындағы максималды температурамен пайда болады. Тұтқиылдан қалтырап-дірілдеу туындайды. Оның ұзақтығы 1,5 сағат. Қалтырап-дірілдеу ысу сезімімен алмасады. Дене температурасы төмендегенде науқас терлей бастайды және хәлі тез жақсарады, ол тыныштанып, көбіне ұйықтайды.
Одан соң науқастың хәлі келесі ұстамаға дейін қанағаттанарлық болады, еңбек ету қабілеті сақталады.
Комамен асқынатын тропикалық безгек бас ауруының үдеуімен, бас айналумен сипатталады. Команың басталуын білдіретін бағдарсыздану, ұйқы басу, сананың шатасуы дамиды. Шынайы кома кезінде сырқаттың есі болмайды, дене температурасы 40,0оС-ге дейін жоғарылайды.
Безгек диагнозы қан препараттарынан безгектік плазмодияларды аңғарумен нақтыланады.       

Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы  аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет vmclinic.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (01.05.2015)
Просмотров: 1408 | Теги: кеубасов, плазмодийлер, урак, безгек (малярия) | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]