Бас сүйек-ми жарақатындағы (БСМЖ) реанимацялық шаралар жедел жәрдем машинасында басталып, көлікпен тасу кезінде және стационардың қабылдау бөлімінде жалғасуы тиіс. Жұмысты тек осылай ұйымдастырғанда ғана ауыр жапа шегушінің өмірін сақтап қалуға және одан арғы емнің табысты өтуін қамтамасыз етуге болады. Қазіргі кезде ауыр бас сүйек-ми жарақаты бар науқастарға көмек дәрігер-анестезиологтың қатысуымен жүргізіледі.
Бірінші реттегі реанимациялық шараларға жоғары тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру және адекватты тыныс алуды қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда жедел көрсетілім бойынша қабылдау бөлімшесінде жасалатын трахеостомиялардың санының трахеяны ұзақ интубациялау есебінен азаю тенденциясы байқалады.
Трахеяның интубациясы немесе трахостомия бір мезгілде өкпені жасанды желдендіруге (ӨЖЖ) көшіргенде жақсы нәтижелер береді.
ӨЖЖ-ге көшіргенде деполязирлеуші емес немесе аралас типтегі әсері бар релаксанттарды қолданған оңтайлы (тубокурарин, диоксоний және т.б.).
Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру мен жүректік-қан тамырлық қызмет пен қан айналысын оңалтуға арналған фармакологиялық препараттар кешенін қолдану – алғашқы көмек көрсетудегі маңызды міндеттердің бірі.
Бас сүйекішілік гематомаларға, ликворлық гигромаларға, бас сүйектің батыңқы сынықтарына және басқа зақымдануларға байланысты жедел операция қажет болғандағы жансыздандыруды реанимациялық-анестезиологиялық шаралардың бірегей тізбегінің маңызды сатысы деп қарастыруға болады.
Жансыздандырудың маңызды элементі нейро-вегетативтік блокаданы (НВБ) қолдану болып табылады.
НВБ-ны мидың ауыр зақымдануларында, әсіресе ми діңгегінің диэнцефалдық және мезенцефало-бульбарлық бөлімі зақымданғанда қолдану оңтайлы.
Кейбір науқастарға нейролептоанальгезияны (НЛА) ӨӨЖ-мен бірге азот тотығының эндотрахеалдық наркозы фонында пайдалану қауіпсіздеу.
Бахытжан Абуұлы ТАЙМАНОВ,
анестезиолог-реаниматолог дәрігер,
жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК
Сурет echo.msk.ru сайтынан алынды
|