Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бас ауруы (цефалгия)

Бас ауруы (цефалгия) - әр түрлі кеселдердің ең жиі симптомдарының бірі. Ол көз орбитасы деңгейінен желке асты аумағына дейін орналасады. Кең мағынада бұл ұғымда бет аурулары да түсініледі.
Көптеген жағдайда бас ауруының қан тамырлық тегі (генезі) болып келеді, яғни ол интра- және экстракраниалды артериялардың дилатациясы мен спазмына байланысты. Бұл бас сақинасының әр түрлі нұсқалары мен онымен жапсарлас вазомоторлық цефалгия, цереброваскулярлық дерттер және артериалды гипертензиядағы бас ауруы.
Қарқынды бас ауруы ми қабықтары тітіркенгенде пайда болады (менингиттер, субарахноидалды қан құйылулар).
Қатерлі ісіктік интракраниалды процесстер шақырған цефалгия кейде жүрек айнуы сезімінсіз құсумен бірге жүреді.
Бас ауруы – коммоциядан кейінгі синдромның маңызды құрамдас бөлігі. Кеңейген топты жалпы уытты және метаболикалық кеселдер кезіндегі бас аурулары құрайды.
Бас ауруы жоғары температурамен бірге өтетін барлық жұқпалы аурулардың ажырамас серігі. Локалды, сондай-ақ диффузды бас ауруы кейде көз бен параназалды синустар ауруында пайда болады.
Бас ауруының ең жиі себептерінің бірі – психогендік цефалгиялар. Тұрақты көп жылдық бас ауруы кейде жасырын депрессияның жалғыз белгісі ретінде білінеді.
Бас ауруын диагностикалау үшін қан қысымын өлшеу және көз түбін зерттеу, жаңғырық-энцефалография, краниографиялық тексеру, компьютерлік томография мен цереброспиналдық сұйықты зерттеу қажет.     

Куралай Мырзамуратовна ИЛЬЯСОВА,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет eslibolitgolova.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (05.02.2015)
Просмотров: 1430 | Теги: кранография, бас ауруы, Куралай, ильясова, Цефалгия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]