Естен тану деп бала кенеттен айналаға реакция беруін тоқтататын жағдай айтылады. Маңызды сәт: бұл кезде шарт бойынша анық білінетін тыныс алу және қан айналу бұзылыстары туындамайды, бірақ ми қан айналуының бұзылысы мен оттегінің шұғыл жетіспеуі естен тану негізінде жатады.
Естен танудың себептері мыналар болуы мүмкін:
- жүрекке және қан тамырларына байланысты проблемалар;
- ауыру;
- қорқыныш, үрей;
- истериялық реакциялар;
- жөтел;
- рефлексогендік аймақтардың тітіркенуі (мысалы, мойындағы);
- тыныс алатын ауадағы оттегінің жетіспеуі (мысалы, тауда);
- жиі дем алуда туындайтын оттегінің артық болуы;
- дене кейіпін күрт өзгерту;
- ыстық өту мен жаурау және т.б.
Естен танудың кең тараған симптомдары терінің бозаруы мен мұздай тер болып табылады.
Естен тану алдындағы белгілер: жалпы әлсіздік, жүрек айну, жүрек қағуын сезіну, бас айналу, көз алдының қарауытуы, тепе-теңдікті жоғалту.
Шұғыл көмек.
Естен танудың басты емі – баланың көлденең кейіпте болуы. Егер бала көз алдыңызда естен танса, ең алдымен құлау кезінде соққы алмас үшін оны демеңіз.
Одан арғы әрекеттер:
- шалқасынан жатқызу;
- басын сәл артқа беру;
- аяқтарының астына оралған киім, жастық және с.с. қойып, аяқтарын 30-60 о-қа көтеру.
Баланы әлсіздіктің немесе бас айналудың алғашқы белгілері білінгенде тез арада жатуға немесе тым болмаса отыруға үйретіңіз. Бұл оларды құлауға байланысты жарақат алудан сақтайды.
Курманбике Микановна МЕНБАЕВА,
дәрігер педиатр,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы
Сурет www.uralskweek.kz сайтынан алынды
|