Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Артериалды гипертензиядағы шұғыл көмек

Халықаралық сарапшылардың нұсқауларына сәйкес жүректік-қан тамырлық қауіптің басқа факторлары болмағанда, артериалды қысымның мақсатты деңгейі <140/90 ммсынбағ-на тең болуы тиіс. Ғалымдар кардиоваскулярлық оқиғалар мен өлім жағдайының қалыпты қысымның көтерілуінің алғашқы сандарынан бастап өсетініне дәлелдер келтіреді.
Артериалды гипертензия көптеген жүрек-қан тамыр ауруларының (ЖҚТА) бастапқы себебі болып табылады. Адамда бар гипертензия пациенттің денсаулығы мен өмірі үшін болжамды (прогнозды) нашарлатады.
Шұғыл көмек
Артериалды гипертензиядағы шұғыл көмектің мәні жүректік-қан тамырлық науқастылық пен өлім қауіпі деңгейін барынша төмендетуге қол жеткізу болып табылады.
Бұған басқаруға көнетін белгілі қауіп факторларына әсер ету арқылы жетуге болады. Атап айтқанда олардың ішінде – шылым шегу, диабет, холестериннің жоғары деңгейі бар.
Шұғыл көмек шараларына науқасты тыныштандыру, төсекке жатқызып, бас жағын көтеріңкі қою, оны мазалайтын тітіркендіргіштерді болдырмау және с.с. қолдан келетін тірліктер жасалады.
Егер сырқат бұрынанан ауыратын болса, оның өзіндегі денесіне жағымды, сәйкестендіріп дәрігер берген антигипертензивтік дәрілерді қабылдауына болады.
Нысана-ағзаларға гипотензивтік және қосымша органопротективтік әсер иеленетін қазіргі заманғы және жоғары ықпалды антигипертензивтік препараттар қолданылады. Бұлардың қатарына диуретиктер, ІІ ангиотензин рецепторларының блокаторлары, АПФ ингибиторлары, кальций каналдарының блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, сондай-ақ бұл топтардың оңтайлы комбинациясы жатады.   

 

Кенишкул Мырхиевна ЖЕНСИКБАЕВА,
жедел жәрдем дәрігері,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы

Сурет racurs.ua сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (09.02.2015)
Просмотров: 1908 | Теги: ЖҚТА, шұғыл көмек, артериалды гипертензия, кенишкул, АПФ, женсикбаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]