Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Антропозооноздық оба

Антропозооноздық оба – септицемиямен, лимфа жүйесінің зақымдануымен, ауыр уыттанумен (интоксикациямен) сипатталатын жедел табиғи-ошақтық ауру. Онымен түйелер, адамдар ауырады. Табиғи жағдайда эпидемиологиялық және эпизоотикалық кернеуді демейтін кеміргіштердің 300 түрі ауырады. Сау жануарларға тасымалдаушылар, бірінші кезекте бүргелер індет жұқтырады.
Оба қоздырғышының үш түрі болады:
- антропозооноздық оба қоздырғышы. Онымен түйе, адам, кеміргіштер ауырады;
- жалған (псевдотуберкулез) қоздырғышы;
- ішектік иерсиниоз қоздырғышы.
Індеттерге бейім жануарлар: түйелер, есектер, мысықтар, иттер, шошқалар, қойлар, ешкілер.
Патогенді және вируленттік факторлары:
- қоздырғыш организмге түрлі: алиментарлық, респираторлық, трансмиссивтік (жәндіктер арқылы) жолдармен енеді;
- организмде қоздырғыштар шеткі лимфатикалық түйіндерге түсіп, ол жерде қабыну үдерісін шақырады;
- бірінші реттік бубон. Гематогендік ену нәтижесінде қоздырғыш түрлі лимфатикалық түйіндерде екінші реттік бубондар түзейді, геморрагиялық септицемия дамиды.
Обаның алдын алу және оба індетін қадағалау
Энзоотикалық ошақтардағы обаға қарсы шараларға кеміргіштердің түрлік құрамы мен санын бақылау, кеміргіштерді және олардың эктопаразиттерін оба таяқшасымен жұқпалануға тексеру жатады.
Эпизоотияны анықтағанда сол немесе басқа көлемде дератизацияны және дезинсекциялық шараларды жүргізеді.
Даладағы және елді мекен айналасындағы кеміргіштер мен эктопаразиттерді жою жұмыстары атқарылады.
Оба қаупіне ұдайы ілінетін лаборатория қызметкерлеріне вакцинация жасалады.
Малдың ішінде түйе малы оба таратушы басты жануар болып табылады. Сол себепті ауру малды аңғарғанда оны обаға қарсы тексерту, сою кезінде аса сақтық шараларын ескерген жөн.      

 

Сурет ru.wikipedia.org сайтынан алынды

Ербол Елтайұлы НҰРҒАЛИЕВ,
зоолог маман,
Қызылорда обаға қарсы күрес стансасы,
Жосалы обаға қарсы күресу бөлімшесі,
Қармақшы ауданы

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (08.02.2015)
Просмотров: 1747 | Теги: нұрғалиев, антропозооноздық оба, ербол | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]