Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Антропозооноздардың профилактикасы

Антропозооноздар аурулары ұғымына адам үшін де, сондай-ақ жануарлар үшін де жұқпалық және инвазивтік кеселдер кіреді.
Олар этиологиялық белгілері бойынша мынадай топтарға біріктіріледі:
- бактериалдық жұқпалар. Оған: сібір ойық жарасы, сарып (бруцеллез), лептоспироз, паратифоз, туберкулез, түйнеме (туляремия), сальмонеллез және т.б. жатады;
- құтыру, орнитоз, аусыл сияқты вирустық дерттер;
- рикетсиоздық кеселдер – ку-лихорадка, марсельдік қызба;
- протозойлық кеселдер – балантидиоз, лейшманиоз, токсоплазмоз;
- глисттік инвазиялар – трихинеллез, тениоз, дикроцелиоз, описторхоз, фасциолез және т.б.
Антропозооноздық кеселдердің профилактикасы аудандық мал дәрігерлік стансалардың жануарлар кеселдерімен күрес жөніндегі және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтінің араларының кешенді жоспарымен басталады.
Жоспарда мыналар қарастырылады:
1. санэпидемстанса мен ветеринарлық қызметтің жұқпалардың алдын алу бойынша өзара ақпарат алмасуы;
2. мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында курстар ұйымдастыру;
3. ағымдағы және ескерту санитарлық бақылауды қамтамасыз ету (нысандарды көрсетіп);
4. жеке бас гигиенасын сақтауды бақылау;
5. жекелеген жұқпалардың алдын алу шаралары;
6. эпизоотикалыққа және эпидемияға қарсы шаралар (науқастарды анықтау және ауруханаға жатқызу, жұқпаның берілу механизмін үзу, вакцинация, жұқпа көздерін жою).
Мал бағатын фермалар мен кешендердің барлық қызметкерлері жылына бір реттен кем емес диспансерлік тексеруден өтеді. Мүдделік туындағанда кезектен тыс медициналық тексеру жүргізіледі.
Мал бағатын жайларды, оның ішіндегі көңді құрту, өңдеу, зарарсыздандыруға ағымдағы санитарлық бақылау жасалады, кеміргіштерге қарсы күрес, қоқысты жинау, территорияны абаттандыруды қадағалау атқарылады.  

Сурет help-bulldog.r  сайтынан алынды

Ербол Елтайұлы НҰРҒАЛИЕВ,
зоолог маман,
Қызылорда обаға қарсы күрес стансасы,
Жосалы обаға қарсы күресу бөлімшесі,
Қармақшы ауданы

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (09.02.2015)
Просмотров: 1853 | Теги: нұрғалиев, антропозооноздар, ербол, жұқпа, инвазия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]