Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Ангиодистониялық криз жөнінде

Ангиодистониялық криз қан тамыр тонусының вертеброгендік бұзылыстарына тән. Вертеброгендік әсерден туындаған ми қан айналымының бұзылыстары кезінде, омыртқа артериялары жүйесіндегі дисциркуляция негізгі клиникалық біліністерді анықтайды.
Омыртқа артерияларының жүйесіндегі барлық ми қан айналысының жедел бұзылыстарының (МҚАЖБ) 70%-іне дейінгісін жақсы функционалдық шығымы бар ишемиялық шабуылдар құрағанымен, діңгектік инсульттар, каротидтік бассеиндегі бұзылыстарға қарағанда қауіптірек болуы мүмкін.
Орталық және церебралдық гемодинамика вертеберогендік әсер ету шеңберінде көптеген факторлардың ықпалы бөлініп қарастырылады (бұлшықеттік-тоникалық, вегетативті-қан тамырлық, ирритиативті-компрессиондық және басқалары). Алайда олардың клиникалық идентификациясы барынша қиындау.
Мойын және кеуде бөліктеріндегі патологиялық үдерістердің, омыртқа статикасы бұзылыстарының қан тамырлық тонусты, жүрек қызметін реттеу бұзылыстарына жетелейтіні принципалды маңызды. Бұл әсерлердің қазіргі заманғы әдістермен верифицирленуі де мәнді (допплерография, холтерлік мониторлау, ЭКГ, МРТ). Бас сүйек ішіне қан кетуде пайда болатын мидың екінші реттік ишемиялық зақымданулары қан тамырлық түйілудің (спазмының) салдары болып табылады. Кейбір жағдайларда субарахноидалдық қан кетуден кейінгі ишемиялық инсульт дерт нәтижесін және науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтайды.
Ангиодистония – бас сақинасының ажырамас серігі және жетекші патогенетикалық механизмі. Кеселдің популяциядағы таралуы өте үлкен: тұрғындардың 3-тен 12%-ке дейіні бас сақинасының әсеріне ұшыраған, АҚШ-да дәрігерлерге 10 млн қаралудан астамы бас сақинасына байланысты. Бас сақиналық криз – бас сақинасының ауыр ағымының нәтижесі, оның өз зардаптары бойынша гемодинамикалық инсульттің басқа нұсқаларынан еш айырмашылығы болмайды.
Ангиодистониялық криз гемодиниамикалық инсульттің дамуына жетелейді. Ишемиялық ошақтардың орналасуы ангиодистониялардың шығу көзіне тәуелді. Вертеброгендік синдромдар көбіне омыртқа артерияларының жүйесіндегі дисциркуляцияға, кең тараған церебралдық спазм – ми жарты шарларының зақымдалуына әкеледі.

Нурсауле Козытаевна АБУОВА,
анестезиолог-реаниматолог дәрігер,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК

Сурет www.neboleem.net сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (12.02.2015)
Просмотров: 1050 | Теги: допплерография, экг, ангиодистониялық криз, МҚАЖБ, МРТ, нурсауле, абуова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]