Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Анестезиологиялық практикада наркозды қолдану

Жалпы жансыздандыру немесе наркоз – бұл есірткілік заттардың орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) тигізер әсері шақыратын сананы, ауыруды сезуді, рефлекстерді уақытша істен шығару және қаңқалық бұлшық еттердің босаңсу жағдайы.
Есірткі заттарын организмге енгізу жолдарына байланысты ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоз бөліп қарастырылады.
Эндотрахеялық наркоз үлкен операциялары бұлшық еттік босаңсытулармен (релаксанттармен) бірге көп компонентті наркоз (комбинацияланған наркоз) түрінде қолданылады. Аздаған мөлшерде бірнеше есірткілік заттардың жиынтығын қолдану олардың әрқайсысының организмге тигізер токсикалық ықпалын азайтады.
Қазіргі заманғы комбинацияланған наркозды аналгезия, сананы істен шығару, босаңсуды жүзеге асыру үшін қолданады. Аналгезия мен сананы алып тастауға бір немесе бірнеше есірткілік заттарды – ингаляциялық немесе ингаляциялық емес пайдалану арқылы қол жетеді.
Наркозды хирургиялық кезеңнің бірінші деңгейінде өткізеді. Бұлшық ет босаңсуы немесе релаксация бұлшық ет релаксанттарын үзіп-үзіп енгізу арқылы атқарылады.
Наркоздың үш сатысы бар.
І саты – наркозға кіріспе. Кіріспе наркозды кез келген есірткілік зат іске қоса алады, мұның фонында қозу кезеңінсіз жеткілікті терең ұйқы туындайды. Негізінен барбитураттар, сомбревинмен бірге фентанил, сомбревинмен бірге промедол қолданылады. Кіріспе наркоз фонында бұлшық еттік релаксанттар енгізіледі және трахея интубацияланады.
ІІ саты – наркозды демеп ұстап тұру. Жалпы анестезияны демеу үшін операциялық жарақаттан организмге қорған бола алатын кез келген есірткілік бұйымдарды (фторотан, циклопропан, оттегімен бірге азот тотығы), сондай-ақ нейролептаналгезияны қолданады.
Наркозды хирургиялық кезеңнің бірінші, екінші деңгейінде ұстап тұрады, ал бұлшық ет қатаюын жою үшін бұлшық ет релаксанттарын енгізеді. Мұнда ӨЖЖ (өкпені жасанды желдендіру) міндетті түрде қажет.
Соңғы кезде нейролептаналгезия кең қолданыс табуда. Бұл тәсілде оттегімен бірге азот тотығы, фентанил, дроперидол, бұлшық ет релаксанттары пайдаланылады.
ІІІ саты – наркоздан шығару. Операция соңында анестезиолог есірткілік заттар мен бұлшық ет релаксанттарын енгізуді біртіндеп доғарады. Сырқат есін жияды, өз бетінше тыныс алу мен бұлшық ет тонусы қайта қалпына келеді.
Өз бетінше дем алудың адекваттылығын бағалау критерийлері РО2, РСО2, РН көрсеткіштері болып табылады.       

Галымжан Иманайулы ШАКИРОВ,
анестезиолог-реаниматолог дәрiгер,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК

Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (04.02.2015)
Просмотров: 1260 | Теги: ӨЖЖ, наркоз сатылары, галымжан, шакиров, наркоз, ОНЖ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]