Бұл спирттік ішімдікті шектен тыс қабылдаумен сабақтас психоз, турасын айтқанда делирий.
Ақ қызбалық дәстүрлі түрде алкоголизмде, салынып ішуді үзген кезде, сирегірек маскүнемдіктен жапа шекпейтін, бірақ алкогольдің көп мөлшерін (немесе үлкен емес мөлшерін) тұтынғанда пайда болады.
Алкогольдік делирийдің симптомдары:
- жүрек айнуымен және құсумен бірге жүретін бас ауруы;
- сөздің бұзылуы;
- құрысулар;
- алаңдаумен және мазасызданумен бірге жүретін психомоторлық қозу;
- ұйқысыздық, қорқынышты түс көру;
- тершеңдік;
- қол-аяқтың дірілі (треморы), бет бұлшық еттерінің жыбырлауы;
- гипертония және тахикардия.
Ақ жындылықта науқастарды қорқыныш билеп алады, көздеріне үрейлі елестер келеді, олар жүгіріп, жасырынады, қорғанады, өздеріннің үстерінен жоқ жәндіктерді қағады, бірдеңені ауыздарынан шығарады, бұйрық береді, жалған және реалды әңгімелесушілермен сұхбаттасады.
Алкогольдік делирий әр түрлі ағзалар мен жүйелердің, мысалы жүректік-қан тамырлық жұмысындағы бұзылыстармен бірге жүреді.
Бұл кеселдің артериалды қысымның елеулі төмендеуіне, жүректік-қан тамырлық қызметтің құлауына, сонымен бірге леталды нәтижеге жетелеуі мүмкін.
Көбіне жедел алкогольдік гепатитер, асқазаннан қан кету, ас қорыту бұзылыстары пайда болады. Ал делирий кезінде иммунитеттің елеулі төмендеуі инфекциялық кеселдердің, пневмонияның дамуына жетелеуі мүмкін.
Ахылбек Нугуманович БАЙДИЛЬДАЕВ,
дәрігер нарколог,
№3 наркологиялық бөлімше меңгерушісі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
Сурет stopalkogolizm.ru сайтынан алынды
|