Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Алкоголь және оның адам организміне теріс ықпалы

Адам бір-екі шөлмек арақ ішкеннен кейін, бірнеше минуттен соң денесінде жылу сезімі пайда болады, көңіл-күйі көтеріледі. Адамның көзі жайнап, мылжыңдап, өзіне және айналасындағыларға риза болады. Одан арғы ішу – ризашылық-көтеріңкі көңіл өкпелеумен, ызаланумен, ашуланумен алмасады. Қозғалыс үйлесімділігі елеулі бұзылады, сөзі түсініксіз, созылыңқы келеді. Мастанудың бұл сыртқы белгілері – мидың алкогольмен улануының нәтижесі.
Алкогольдің адам организміне әсер ету сипатын физиологтар мен медиктер бұрын және толықтай зерттеген. Жасөспірімдерге келсек, жедел алкогольдік улану терінің бозаруымен, акроцианозбен (қол-аяқтардың көгеруімен) және тахикардия мен жүрек үндерінің бәсеңдеуімен білінетін жүрек-қан тамыр жүйесіндегі елеулі өзгерістерге жетелейді.
Алкогольдік улануға тән белгі көп рет құсу болып келеді. Тіпті спирттік ішімдіктердің аздаған мөлшерін анда-санда ішу жасөспірімдерде анық білінетін уыттанумен, әсіресе нерв жүйесінің интоксикациясымен байқалады.
Жасөспірім психикасына алкогольдің әсері төмендегілермен білінеді:
- қысқа мерзімді қозу езілумен алмасады;
- мәңгүрттенумен;
- арта түскен ұйқышылдықпен;
- болбырлықпен;
- баяулаған байланысы жоқ сөздермен;
- бағдарлануды жоғалтумен.
Толықтай алғанда алкогольді ұзақ тұтыну мынадай зардаптарға әкеледі:
1. Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) белсенділігінің төмендеуі. Алкогольді кейбір дәрілік препараттармен бірге қолдану кейде қауіпті.
2. Ол жоғары мөлшерде жадтың жоғалуымен, естің комаға дейінгі бұзылысымен және тіпті өліммен қатерлі.
3. Ауыр ұзақ мерзімді маскүнемдік тәуелділікті қалыптастырады: галлюцинациялардың және құрысулардың болуы мүмкін.  

Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет skazhynet.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (30.01.2015)
Просмотров: 1343 | Теги: зардабы, сейлханова, гулаим, алкоголь, ОНЖ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]