Кейбіреулер сыраны алкоголь мен сусын арасындағы орта зат деп қабылдайды: жағымды және пайдалы. Наркологтар мұнымен келіспейді және сыраның кез-келген алкоголь сияқты адамның алкогольге тәуелділігін шақыратын сусын ретінде қарастырады.
Әйел организмінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері әйел маскүнемдігіне тән белгілерді көрсетеді. Бұл белгілер:
- тәулігіне ең кемі бір литр сусын ішу;
- сыра болмағандағы ызақорлық;
- сыраны ұйқы шақыратын немесе тыныштандыратын сусын ретінде пайдалану;
- жиі бас ауырулары;
- таңертеңгі немесе түстен кейінгі қоректің орнына бір бөтелке сыра ішу қалыпты дегенге сенімділік.
Ғалымдар әйел маскүнемдігінің ішкі ағзаларға қалай әсер ететінін, әйелдердегі сыралық алкогольдік тәуелділік қандай зардаптарға әкелетінін зерттеді. Сыралық алкоголизмнің зардаптары:
- ағзаның дисфункциясына қауіп төндіретін бүйректегі арта түскен салмақ;
- қан тамырларының тез “қартаюына” жетелейтін көтеріңкі артериалды қысым;
- организмнен артық сұйықты шығарудағы проблемалар, бұған көзге шалынатын ісік куә бола алады;
- қандағы оттегінің төмендеуі және ентігуі, көгерген және болбыр еріндер;
- аналық без дисфункциясы;
- терінің серпінділігін жоғалтуы, одан басқа бала туу қызметін арқалайтын әйел гормондары эстрогендердің өндірілуін тежейді. Сыралық алкоголизм оларды еркек андрогендерімен алмастырады. Бұл еркектерге тән қасиеттерге әкеледі: таздық және сыралық мұртшалар.
Сыра сондай-ақ жүрекке әсер етеді, нәтижесінде “өгіз жүрегі” деп аталатын дерт туындайды.
Жанна Бахтияровна САХОВА,
нарколог дәрігер,
диспансерлік бөлім меңгерушісі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
Сурет help-me.by сайтынан алынды
|