Оқиға болған жерді жедел қарау барысында табылған /жол-тонау, мал ұрлығы кезінде қалдырған/ шаш айғақты зат ретінде биологиялық зерттеулер арқасында қылмыстық істерді ашуда маңызды көлік оқиғасы, қасақана адам өлтіру, қыз зорлау, қарақшылық жолымен роль атқарады.
Оқиғаның мән-жайына сәйкес сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтар түрлері де әр түрлі болып келеді. Мысалыға мал ұрлығы кезінде шаштың адамға немесе малға жататындығына, қыз зорлау қылмыстық ісі бойынша адам денесінің қай жерінен үзіліп түскендігіне, тонау, ұрлық кезінде қалдырылған шашқа тобын анықтауға сұрақтар қойылады.
Ең негізгі шешуші сұрақ-зерттеуге берілген микроскопиялық нысан шаш болып табылады ма?
Адам шашы талшықтардан көзбен және қарау арқылы ажыратылады. Шаштың өзіне тән бейне суреттері болғандықтан талшықтардан өзгешелігі байқалады. Талшықтардың шығу тегі әр түрлі болып келеді және микроскопиялық қарау арқылы құрлысы анықталады. Талшықтар табиғи және жасанды болып келеді. Екі топқа да талшықтардың шығу тегі өсімдіктерден, жануарлардан, минералдық қалдықтардан болуы мүмкін, ал жасанды талшықтардан синтетикалық талшықтарды ажыратуға болады. Талшықтардың құрылысындағы ерешеліктер арқылы шаштан өзгешелігін жеңіл анықтауға болады. Күдік болған жағдайда кутикула бейнесінің іздерін алуға және көлденең қиынды жасау арқылы ажыратуға болады. Адамның шашын жасанды талшықтардан ажырату үшін кей жағдайларда эмиссиондық-спекральдық зерттеу жүргізуге нұсқау береді. Т.Р.Ашурбековтың берілген (1968) мәліметі бойынша адамның шашын жасанды талшықтардан ажырату үшін ондағы болатын элементтердің қатыстылығы: натридың титанға, натридың хромға, натридың марганецке, титанның хромға, магнидің хромға және алюминидің марганецке арқылы ажыратуға болатындығын көрсетті.
Шаш екені анықталса, адамдікі немесе жануардікіне жата ма?
Нақты жануардың қай түріне жатады. Адамның шашы мен кейбір жануар түрлерінің қылшығымен ұқсастық белгілері болғандықтан, сарапшы тәжірбиесінде шашты зерттеу барысында оның түрін анықтау үшін бірталай қиындықтар туғызады. Маймыл шаштарымен қатар, жылқының, шошқаның, ірі қара малдың (өгіздің), түйенің және аюдың қылшықтарымен адамның басының шашының қылшықтарының ұқсастығы болатындығы бізге белгілі. Шашты көзбен қарау арқылы адам шашының жануар қылшығынан өзгешелігін көбіне ажырата алмайды. Кей жағдайларда жануар қылшығы айғақты зат ретінде алғанымен, қылмыстық іске қатыстығы болмауы мүмкін. Мысалға: адамды қағып кетті деген күдікпен ұсталған автокөлікте шаш табылуы мүмкін. Бұл жағдайда шаш адамдікі болуы немесе автокөлік басып кеткен жануар қылшығы екендігін анықтау өте маңызды. Басқа жағдайда, мысалыға, заңсыз аң аулау, мал ұрлығы кезінде табылған шаштың жануардан екендігі анықталса айғақты зат ретінде алынып, қылмыстық істі ашуға көмектеседі. Көрсетілген мән-жайға байланысты, сарапшыға қандай шаштар адамға және жануарға жататындығы шешуі маңызды. Бұл сұрақтарды шешу үшін шаштың морфологиялық құрлысын білу парыз.
Нақтылап ажырату барысында жіңішке жүрекшесі жоқ немесе жүрекшесі майда өсінділер түрінде шаштармен, ақ шаштар (бояу тектенуі жоқ) немесе нәзік майда дән тәріздес бояутектену, әсіресе түрлі сары шаштары қара, қоңыр шаштардан айырмашылығы бояутектенудің шетінде емес, ортасында орналасуы жануар қылшығымен ұқсастығын байқатады. Көлденең кесінділер пішімі, кутикула суреті кейде ажырату белгілерін берілмейді. Мысалға, адам басының ақ шашын жылқының, өгіздің ақ қылшығынан цистинге бояу арқылы ажыратуға болатындығы нақтыланды. Адам басының ашық-сары түсті шаштары қалыңдығы 0,06-0,1 мм болатын жылқының қылшықтарымен қылқанды қылшықтарымен бояутектенуі майда дән тәрізді біркелкі орналасуымен, жүрекшесінің жіңішке, құрлысы болмайтындығымен ұқсас келеді.
Жылқының сары қылшықтары және адам басының сары шаштары және жылқының ақ қылшығы және адам басының ақ шаштары ұқсайтындығы соншалықты, оптикалық шетінің, кутикула бейнесі және көлденең кесіндінің пішімі ешқандай сезіктендіру туғызбайды. Қателесу болмас үшін шашты ұзына бойы кутикула бейнесін ұқыпты және қайталап зерттеу қажет.
Жылқының қылқанды қылшықтарының кутикула бейнесін зерттеу барысында толқынды жақындасқан шиеленіскен майда тісті сызықтарды бөлек тегіс аудандарда П-бейнесіндегі төбешіктерде кездестіруге болады, бұл көрініс адам басының шашында кездеспейді.
Ірі қара малдың ақ және сары қылшықтары қалыңдығы 0,036-0,047мм (сиырдың, өгіздің) барлық белгілері бойынша, әсіресе көлденең кесіндінің бейнесінің және пішінімен адам басының шашына ұқсас сиырдың (өгіздің) ақ қылшықтарында пигментофорлардың жиірек, көп мөлшерде болуы кей жағдайларда адам шашының айырмашылықтарын білуге болады.
Қалыңдығы 0,07-0,1мм шошқаның ақ түсті, ақшыл сары түсті қылшығы адам басының шашының қолдан түссіздендірген шашына ұқсайды. Қалыпты жағдайда шошқаның қылшығы бояаутектенуі жоқ маңызды бөлігінің түсі сары болады, жақсы білінетін тіке сызықтары, көп бос қуысы, жарықшаларымен болады, бұл белгілер қолдан түссіздендірілген шашына ұқсайды. Қалыпты жағдайда шошқаның қылшығы бояутектенуі жоқ маңызды бөлігінің түсі сары болады, жақсы білетін тіке сызықтары, көп бос қуысы, жарықшаларымен болады, бұл белгілер қолдан түссіздендірілген шаштың белгілерімен сипатталады. Көлденең кесіндіде сұр түсті болуы осыны дәлелдейді.
Кутикула бейнесінің әсіресе орташа күрделі болуы, алыс орналасқан сызықтарының болуы шошқа қылшықтарымен адам шашының ұқсастықтарын одан әрі жақындата түседі. Бұл жағдайда нақтылап ажыратудың Александров әдісімен ажыратуға нұсқау береді. Түйе жүнінің мамық жүні қалыңдығы 0,050мм, шуда жүні (қалыңдығы 0,079мм-ге дейін) ашық-қоңыр, нәзік сары және сары түстері адамның басының шаштарымен бояутектенудің орналасуымен (майда дән тәріздес, біркелкі орналасуымен), оптикалық шетінің және кутикула суретінің ұқсастығы байқалады. Көбінесе жүрекшесі болмайды, болған жағдайда, сопақша, қалыңдығы біркелкі емес, құрылысын ажыратуға мүмкін болмайды. Көлденең кесндінің пішімі бойынша және шаштың морфологиялық зерттеулер нәтижесі ұқсас. Сондықтан ажырату мақсатында цистин әдісімен бояу әдісі қолданылады.
Адамның басының шашы сұр аюдың жүнімен ұқсас келеді. Аюдың жүні қалыңдығы 0,05-0,1мм нәзік майда дән тәріздес, бояутектенумен негізгі бөлікте біркелкі орналасуымен және кутикула суреті күрделі болуымен адамның басының шашымен ұқсастығын күшейтеді. Жүрекшесінің бөлек аралшалар түзеуі және үзілмелі сопақша түрде болуы ұқсастықтарды нығайта түседі. Кейбір жағдайда кутикула суреті бір жерлерінде және шаштың ортаңғы негіз бөлігінде, бес бұрышты жапырақшалар тәрізді түрінде байқалады, осы ұқсастық белгісі жануардың жүні екендігін анықтауға негіз болады. Көп жағдайларда цистин әдісімен бояу арқылы ажыратылады.
Шаштың түрін анықтау мақсатында Н.П.Асадчих және В.Е.Локтев (1969) цистинді анықтауға нұсқау берді. Берілген әдіс бойынша, цистиннің шашта таралуының екі түрі болады.: 1)көлденең және ұзына бойы ашық-қоңыр жолақтардың болуы, кутикула жасушаларының бос шеттеріне бейне береді. Цистиннің осындай түрде орналасуы адамның басының немесе басқа бөлігінің шашы екендігін білдіреді. 2) жануар қылшықтарында цистин майда дән тәріздес түрінде бір жерге жиналып, домалақ, сопақша пішімде болады.
Шашты ажырату барысында морфологиялық белгілерді анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, шашқа химиялық әсерін тигізу арқылы ажыратуға болады. Химиялық әсерлерден болатын маңызды бөлігінің құрылысының ерекшелігі арқылы адам шашын жануар қылшығынан ажыратуға болады.(Н.Г.Александров, 1956 ж)
Бояу тектенуі жоқ шашты зерттеу барысында, (ақ шаштар және жануардың түссіз шаштары) 12-15% темір сульфаты 2-3 тамшы мұздатылған уксусымен қышқылдандырылған 1,5-2 сағат уақыт аралығында өңдейді. Содан соң Л.М.Эйдлин әдісі бойынша көлденең кесінділер дайындайды, дайындалған көлденең кесінділерді канадалық бальзамға салып қояды. Адам шашының жануар қылшығынан айырмашлығы 12-15 сағат өткен соң анық байқала бастайды. Жануар қылшығының маңызды бөлігінде ірі ұршық пішімді жасушалардың көлденең кесіндісінде әр түрлі пішімдегі (үш бұрышты, төрт бұрышты, көп бұрышты) жасушалар, жасушааралық заттар жақсы білінеді, қабаттары қалың және жасушаларды бір-бірінен бөлектейді.
Адамның шашының маңызды бөлігінде жасушалардың өлшемі кішкентай болады, көлденең кесіндісінде дұрыс емес домалақ пішім береді, жасуша аралық заттары нашар білінеді. Бояутектенуі бар адамның шашын жануар қылшығынан ажырату үшін 1-1,5 сағат аралығында темір сульфаты ерітіндісімен өңдейді, сумен шайып сосын 1 сағат уақытқа пергидроль ерітіндісіне салып қояды. Жануар қылшығының көлденең кесіндісінде маңызды бөлігінің шеткі жағында бояусыздығы байқалады, бұл бояудың сақина пішімде ағаруын көрсетеді. Адамның шашында маңызды бөлігінің түсі бірыңғай өзгереді.
1972 жылы Н.П.Асадчихтың адамның шашының жануар қылшықтарымен ұқсастық және ажырату белгілері туралы жазған еңбегі жарыққа шығып, сарапшы тәжірибесінде пайдалануға көп көмегін тигізді.
Адам шашын кебір жануар түрлерінің қылшығынан ажырату үшін эмиссиялық-спектральдық зерттеулер жүргізу ұсынылды. Т.Р.Ашурбеков (1968,1969ж) адамның шашы мен жануар қылшығын, сонымен қатар жасанды талшықтарды зерттеді. Адам шашында натрий элементінің мөлшері аз болады, иттің шошқаның қылшығына қарағанда, мысықтың қылшығына қарағанда мөлшері көбірек болады. Хром элементінің мөлшері иттің қылшығына және капрон талшықтарына қарағанда адамның шашында, ешкі қылшығында, шошқа қылшығында және жасанды жібекте, лавсанда аз болады. Ит, ешкі қылшықтарында магний мөлшері көп болады, шошқа қылшығында және жасанды жібекте, лавсанда аз болады. Ит, ешкі қылшықтарында магний мөлшері көп болады, шошқа мысық қылшықтарына қарағанда, адам шашы алюминий элементіне бай, жануар қылшығынан айырмашылығы осында.
Қолданылған әдебиеттер тізілімі:
- «Актуальные проблемы судебной медицины»,(Сборник научных работ)
Москва-1972г.
- «Основы судебно-медицинской экспертизы вещественных докозательств» Москва «Медецина» 1975г.
- «Исследование волос с головы человека» В.В. Томилин,С.В. Гуртовая. Москва, 2002 год
Фотоурет http://vzglyad.az сайтынан алынды.
Бактыгуль Куанышевна ЖУСУПОВА,
сот-биология бөлімінің сарапшысы,
Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты
|