Адам шашының басқа да ұқсастығын ажырату белгілері
Қазіргі уақытта сот медицина зерттеулерімен адам шашының жануар қылшықтарының толық морфологиялық құрылысын нақты білетіндігіміз анық. Қылмыстық істерді ашуда шаштың атқаратын міндеті зор.
Шаш айғақ заттың бір түрі. Мысалы: Қызылорда қаласы «Сабалақ» саяжайы тұрғыны, Д.Ә. басқаруындағы «Тойота» маркалы мемлекеттік белгісі Х 724 CFN автокөлігімен орталық паркінің алдына 2008ж. 25 тамыз күні сағат 21-00 шамасында такси қызметін көрсету үшін Н.Ж. «Гагарин» қыстағына жетуге жалданған. Н.Ж. бұзақылық ниетпен адам өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында өзімен бірге алып жүрген ағашпен жәбірленушінің бет тұсына бірнеше рет ұрып, сол жақ көзіне тығып алған. Сезікті ұсталып қылмыстық іс қозғалып тергеу жұмысы жүргізілгенде ешнәрсені мойындамай жалтарғысы келген. Дәлелге ешқандай айғақ зат таппаған соң, автокөлікті түгелімен қарау кезінде артқы орындық жапқышынан шашқа ұқсас қылшық айғақ зат ретінде табылған. Бұл табылған айғақ зат болған қылмыстық істің ашылуын мән-жаймен хабардар етеді. Айғақ зат ретінде алынып табылған шаш сезікті Н.Ж. қылмыстық іс жасап, айыпталушының тез арада табылуына мүмкіндік берді.
Сот биологиялық зерттеулермен айғақ зат ретінде алынған 7 дана шаштың бесеуі адам шашы, екі данасы жануар қылшығы боп анықталды. Бес дана адам шашын микроскоппен зерттегенде шаштар макроскопиялық, микроскопиялық өзара ұқсас белгілерін байқатып, бір адамның басынан жұлынып түскендігі сезікті Ж.Н. үлгі шаштарына ұқсастығы анықталды. Айғақ заттың нақты дәлел болуына байланысты сезікті Ж.Н. қылмыс жасағанын мойындады.
Сот медицина сараптамасында шашты зерттеуде біршама қиындықтар кездеседі. Адам шашын идентификациялауда теориялықта тәжірибелікте мәні зор. Көптеген зерттеулермен бірнеше адам шашы макро және микроскопиялық зерттегенде ұқсастық белгілері байқалып, шашты ажыратуға қиындықтар туғызады. Осындай жағдайда сот медицина сарапшылары ұқсастық белгілерін қалай ажырату жолдарын іздестіруді ойлайды. Барлық қолданған әдіс-тәсілмен ұқсастық белгілерін ажыратуға мүмкіндік болмаған жағдайда бір амалын тауып, әр адамның өзіне деген ерекшелігімен байқалатын өзгешелікті табуға болатындығы белгілі болды. Осыған орай өздеріміз жасаған тәжірибемізге тоқталсақ: әр келіп түскен бірнеше мәйіт басының бес жерінен шаш алынып,/маңдайынан, төбесінен, оң және сол самайларынан/, желкесінен шашты зерттеудегі белгілі берілген әдістермен зерттеліп қаралды.
Қолданылған әдістер салыстыру мақсатында шашты көлденең кесуде осылайша он адамның ұқсас шаштары жинақталды. Бұл адам шаштары өзара пішінімен, қалыңдығымен, түсімен, маңызды бөлігінің түсімен жүрекшелерінің орналасуымен қалыңдығымен, пигменттердің түсімен, көлемімен, мөлшерімен, перифериялық ұштары, кутикула көрінісімен көлденең кесінді пішінімен бірдей белгілерін байқатты. Зерттеуге әр мәйіт басының бес жерінен бір-бір түптен шаш алынған. Әр түпті үш бөлікке бөліп, жоғары температурада ұстау әдісі қолданылған. Жоғарғы температурада ұстау дифференциясында ең қажетті құрал жабдық камера.
Камера жоғарғы температураны бір қалыпты жағдайда бір мезгілде салыстырмалы үлгілерді алып салуға ыңғайлы болғаны жөн. Бұл жағдайда арнайы электрлі құрғақ ыстық шкафты пайдаландық.
Бірінші бөліктегі шаштарды электрлі құрғақ ыстық шкафта Т+120С 20 секунд ұстағанымызда бес адам шаштарының түстерінің өзгеріп, жылтыр қабығының жоғалтқанын байқадық. Ал қалған бесеуінің өзгеріссіз қалғанын көрдік.
Екінші бөлікті 140-160 С 20 секунд ұстағанымызда шаштардың жиырылып, иректеліп шаштарда ауа қалташықтары пайда болды. Жоғарыдағы бес адам шашының қалған бесеуін 30 минөт аралығында жиырылып иректелді.
Үшінші бөліктегі бес адамның шаштарын Т+200С 10 секунд ұстағанымызда түстері сарғыштанып кутикула клеткаларының бұзылып сарғыш түске айналып, шаштардың бүктетілгені байқалды. Үш адамның шашы 20 минөт уақыт аралығында өзгеріс берді. Қалған екі адам шашы 30 минөт аралығында өзгеріс білдірді.
Микроскоппен қарау кезінде кутикула мен маңызды бөлігінің арасында әртүрлі көлемде ауа қалташықтары пайда болып, кейбіреулері жарылған. Маңызды бөлігінде пигменттердің түсінің өзгеріп, пішіндерін жоғалтып, ажыратуға мүмкіндік болмады.
Бірнеше адам басынан алынған морфологиялық жағынан біріне-бірі өте ұқсас жоғарғы температура жайында әсер ету температурасы бірдей, бір жағдайда шаштың өзгеру белгілерін анық ажыратуға мүмкіндік бар екендігін көруге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ.
1. Морфологиялық жағынан өте ұқсас белгілері бар әр адамның шашын бірдей жағдайда жоғары температурада ұстағанымызда әртүрлі морфологиялық ерекшеліктерін байқатты.
2. Морфологиялық зерттелген өзара ұқсас шаштардағы жаңа пайда болған белгілір шашты дефференциялаудағы басты белгі боп табылады.
3. Ыстық температурада ұстау әдісі сарапшының бір-біріне ұқсас шаштарды ажыратуға мүмкіндік бар екенін шешті.
4. Ыстық температурада ұстау әдісі ұқсас шаштарды дефференциялауда сарапшы тәжірбиесінде жұмыс жасауға өте қолайлы, ыңғайлы әдіс болып табылды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Адам шашының морфологиялық ерекшелігі. Москва.
- Сот медицина саласының өзекті мәселелері. Москва.
- Айғақ заттардың сот медициналық сараптамасы. Москва.
- Қазақстандағы Сот медицина ғылыми отырыс жинақтары. Алма-ата.
- Адам бас шашын зерттеу. Москва.
Фотосурет kurskatlant.ru сайтынан алынды.
Бактыгул Куанышевна Жусупова,
Қызылорда облысы бойынша
Сот сараптамалары институтының
биология (медицина) бөлімінің сарапшысы
|