18:32 ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ |
Денсаулық сақтау күніне орай «Жастар денсаулығы мен өмірлік дағдылары: заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен жиынға білім, денсаулық, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығының директоры Жамила Баттакова, Еуразиялық медициналық қауымдастығының вице-президенті Надежда Петухова, Қазақстандағы жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастық төрайымы Наталья Рахальская, балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ержан Ерсайынов бар.
Конференция барысында өткен жылдан бастап ішкі істер министрліктері, ЮНИСЕФ пен облыс әкімдігінің қолдауымен өңірде жүзеге асырылып жатқан суицидтің алдын алуға бағытталған жоба туралы талқыланды. Сондай-ақ, аталмыш пилоттық жобаның нәтижелері, жетілдіру жолдары мен оң тәжірибені республиканың өзге де аймақтарында тарату мәселелері сөз болды.
http://aqmeshit-aptalygy.kz/zhastar-densauly-y-lt-bajly-y/ |
Просмотров: 1128 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]