Ақниет ОСПАНБАЙ
Ғылым тілінде оны гендік модификация деп атайды. Яғни, бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу.
Мысалы, осы тәсілді қолдана білетін дамыған елдер өсімдік түрлерін суыққа шыдамды етіп шығарса, енді бірі картоп, алма секілді жидектерге құрт түсірмеудің амалын ойлап тауып жатыр.
«Осындай жасанды өнім адам денсаулығына қаншалықты әсер етеді?» деген мәселе таяуда Астанада өткен зияткерлік пікірталас алаңында сөз болды деп хабарлайды 24.kz. Жиынға медицина мен биология ғылымдарының докторлары, профессорлар, Парламент депутаттары қатысты. Мамандар гендік модификацияның пайдасы да, зияны да бар дейді. Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері, «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының құрметті президенті:
— Әлемдегі адам санының қарқынды өсіп келетінін ескерсек, бұл өзекті мәселе. Бірі гендік жасанды өнім адамзатты жаппай аштықтан құтқарады десе, кей ғалымдар адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін дейді. Кәдімгі бидайдан үлкен өнім алу үшін оны уақтылы арамшөптен қорғап отыру керек. Арамшөпті жаппай жою мақсатында түрлі химиялық заттар, яғни гирбицидтер қолданылады. Ал бұл өз кезегінде негізгі өсімдікке кері әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, бидайға тікен генін қосып өсіру әлдеқайда тез. Ал өсім жылдам болған жерде өнім де көп болады. Сондықтан өз басым қолдаймын. Азаматхан Әміртаев, «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының президенті: — Негізгі мақсат – осы пікірталас аясында мемлекетке гендік жасанды өнім өндіру туралы ұсыныс беру. Кәсіпкерлікті, ауылшаруашылықты дамыту жолында атқарылып жатқан шаралардың бірі деуге болады. Бұл – әлемнің дамыған елдерінде бар тәжірибе.
http://turkystan.kz/aleumet/22910 |