Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:36
Жүзінен мейірім төгілген

Адам қандай мамандық иесi болмасын өз iсiнiң шеберiне айналса жоғары жетiстiктерге жетерi анық. Ал нәтижелi жұмыс адамды қашанда бақытқа бөлейдi, абыройға кенелтедi. Абырой биiгiнен көрiнiп жүрген жанның бiрi - Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің «Сыр медицинасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Жанар» медициналық орталығының директоры Үрмия Қожахметқызы Беисова. Ол өз iсiне жауапкершiлiкпен, адалдықпен қарайтын, ұйымдастырушылық қабiлетi жоғары, жұмысын тиянақты атқаратын маман иесi, жүзінен мейірім төгілген жан.

Үрмия Қожахметқызы Беисова жоғарғы оқу орнын бiтiргеннен берi медицина саласында еңбек етiп келедi. Бүгiнгi таңда өз iсiнiң бiлiктi маманы болған жоғары санатты дәрiгер мерейлі 70 жасқа толып, ел құрметіне бөленуде. Ол өз еңбегінің арқасында «Денсаулық саласының үздiгi», Республикамыздың оңтүстiк аймағы, медицина саласы бойынша «Алтын көшбасшы» номинациясының иегерi атанған. Сонымен бiрге, әйелдер iстерi және отбасылық демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi, Қазақстан әйелдерi 1-съезiнiң делегаты, Қазақстан iскер әйелдерi форумының бiрнеше мәрте қатысушысы. Облыстық «Жұлдызы жанған елiмнiң жұлдызы жанған қыздары» жобасының жүлдегерi. «Қанатты әйел-2», «Қоғамдық таңдау» дипломдарының, облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасы және юбилейлiк төс белгiлерi марапаттараның иегері.

Биыл да аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова мен Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Қ.Бисенов денсаулық сақтау ісіне сіңірген абыройлы еңбегі үшін Үрмия Қожахметқызына ризашылығын білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Сонымен қатар, «Ұлттық медициналық қауымдастық» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан «Алтын дәрігер» атағы беріліп, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов арнайы төсбелгісімен марапаттады. Еңбегіңіз қашанда жемісті болсын, абырой биігінен көріне беріңіз, мерейтойыңыз құтты болсын!

 

Құтты болсын Сiздiң мерейтойыңыз,

Қуанамыз өзiңiзбен бүгiн бiз.

Әрiптеске үлгi болар тұлғасыз,

Iзгiлiкке толы болсын күнiңiз.

 

Алғы күннен күтер әркiм жақсы үмiт,

Келе берсiн Сiзге ылғи бақ күлiп.

Шаттықпенен көрiп таңның арайын,

Жаратушы төксiн ылғи жақсылық.

 

Мерекелi құтты болсын жасыңыз,

Еңбегiңiз еселенiп, асулардан асыңыз.

Әлi талай қызықтарға кенелiп,

Амандықпен атсын әрбiр таңыңыз.

Гүлдана Асанова,

«Сыр медицинасы»,

қыркүйек 2020 жыл

Просмотров: 411 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]