Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:08
Қызылорда облысында үшемдер туылған отбасы аурухананы паналауда
 
Қызылорда облысы Қазалы ауданында жуырда үшем дүниеге келген. Қуаныш иелеріне облыс әкімі темір тұлпар сыйға тартты. Бұдан бөлек аудан әкімдігі кәсіпкерлердің басын қосып, демеу көрсеткен екен.
Бірақ бір сәтте торсықтай үш ұлды болған отбасы үйсіз жүр. Олардың әзірге бас сауғалайтын жері болмағандықтан, аудандағы темір жол ауруханасының басшылығы қарауына алған, деп хабарлайды 24.kz.
 
Бір ай бұрын ғана жұмысқа орналасқан нәрестелердің әкесі алатын еңбекақы пәтер жалдауға да жетпейді.
Перзентханадан шыққалы әр жерде көшіп-қонып жүргенде Диас, Мирас және Манас есімді бөбектер салқын тиіп, ауырып қалғандығын анасы Кенжегүл Ембергенова айтты.
"Тұрып жатқан пәтеріміз салқындау болды. Жағдай жоқ. Сондан да болған шығар, балалар шамалы ауырып қалды. Күйеуім осы 1 айдай бұрын жұмысқа орналасты. Өзінің мамандығы бойынша ветеринария саласында. Бірақ оның айлығы балаларды қамтамасыз етуге жетінкіремейді. Мен - жұмыссызбын", - деді үшемнің анасы Кенжегүл Ембергенова.
Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовтың мәлімдеуінше, соңғы кезде кішкене қиындықтар туындап, дәрігерлер балаларды ауруханада ұстап отыр. Жағдайлары жаман емес. Әлде де сәбилер күнделікті бақылауда болады.
Дерек көз: 24.kz
Просмотров: 1419 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]