Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:16
ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Аймақ басшысы міндетті медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау саласы мен жұмыс берушілер жауапкершілігін қаржыландырудың қосымша арнасы екендігін атап өтті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру құрылымын енгізу кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған халықтың басым бөлігі қалып қоюы мүмкін. Бұл азаматтардың әлеуметтік жағдайын төмендетіп жіберуі мүмкін, сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды мүмкіндігінше шағын бизнеске тарту қажет», — деді әкім орталық коммуникация қызметінде өткен пікірталас клубында.
Қырымбек Көшербаев жұмыссыздарды белсенді тіркеу кезінде бюджетке түсетін салмақ пен мүмкін болатын қатерлерді, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтудың мүмкін болатын әлеуметтік салдарын қарастыру керек деп санайды.
Сонымен бірге, әкім өз сөзінде бизнесті барынша дамыту және жұмыс орындарын сақтай отырып жаңасын ашуды меңгеру қажеттігін айтты. Әйтпесе мемлекетке зиян келтіретін «мардымсыз» жалақы, «көрінбейтін жерге» кету орын ала бермек, — деді.

http://syr-media.kz/news/yrymbek-k-sherbaev-mindetti-meditsinaly-sa-tandyru-a-bajlanysty-t-sinikteme-berdi/

Просмотров: 1439 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]