Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:34
ҚЫРЫҚҚАБАТ – ТАПТЫРМАС ДӘРІ

Қырыққабат жапырақтары денсаулығымызға өте пайдалы тағамдардың бірі. Сондықтан оны көптеген ауруларға ем ретінде қолдануға да болады. Мәселен, бас ауруы, қалқанша безі жұмысының бұзылуы, холестериннің жоғарылауы, т.б.

Табиғат сырқатымызға шипа болар, тіпті, кейде дәріге қарағанда анағұрлым пайдалы жемісті сыйға тартқан. Бастысы, бұл табиғи өнім зиянды әсерлер қалдырмайды.

Әдетте біз қырыққабатты тамаққа ғана қолданамыз. Енді оның емдік қасиеттерімен де таныс болыңыз.

Бала емізу кезеңіндегі кеуденің ауруы

Көптеген әйелдер бала емізгенде омырауының ауырғанын байқайды. Ол үшін қырыққабаттың бір жапырағын жақсылап тазалап, ортасын кішірек етіп тесеміз. Сосын омырауға таңып қоямыз. Жапырақ 20 минут көлемінде тұрғаннан кейін (жылынғанша) алып тастайсыз. Ауырсынуын қойғанша осылай бірнеше күн жасауға болады.

Ісінулер

Егер аяқ-қолыңыз жиі ісінетін болса, тағы да қырыққабатты қолданып көріңіз. Кешкісін ұйқыға жатар алдында балғын қырыққабат жапырақтарын ісінген аймақтарға қойып, дәкемен орап тастаңыз. Таңертеңгісін ісіктің біршама қайтқанын байқайсыз.

Бас ауруы

Жапырақшаларын маңдайға, бастың жоғарғы бөліктеріне таңып қойса, ауруы жазылады.

Қалқанша безі жұмысының нашарлауы

Қалқанша безі гормондық жетілуге қажетті маңызды бездердің бірі. Ол сонымен қатар, ас қорыту, зат алмасу процесстерін реттеп отырады. Егер қалқанша безінде қандай да бір мәселе туындаса, тамаққа қырыққабат жапырағын таңып қойсаңыз, жақсы көмектеседі. Осылай бір түнге қалдырыңыз.

Дереккөз: ikerim.kz

http://qazaly.kz/yry-abat-taptyrmas-d-ri/

Просмотров: 1127 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]