Вирустық гепатиттер жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері болып табылады. Вирусты гепатиттер – бұл клетка ішілік өте ұсақ паразиттер – вирустармен шақырылатын, бауырдың жұқпалы аурулар тобы.
Қазіргі таңда мына вирусты гепатиттер – А, В, С, Д және Е толық зерттелген. Осылардың ішінде ең қауіптісі парентеральды жолмен берілетіні – гепатит С. Бұл гепатит 85 % жағдайда созылмалы гепатит С-ға әкеледі, ал 15-25 жылдан кейін бауыр циррозына немесе біріншілік бауыр рагына әкеледі. Жедел және созылмалы гепатит С өте жиі симптомсыз жүреді, сондықтан ауруды жұқтырған алдамдар дер кезінде медициналық көмекке жүгінбейді және қоршаған ортаға қауіпты болады. Осылайша жасырын, жұмсақ ағымды болғаны үшін гепатит С-ны «мейірімді өлтіруші» деп атаған. Гепатит С-ның емі өте қымбат, ал одан толық сауығып кету мүмкіндігі аз. Гепатит С-ға вакцина әлі күнге дейін жоқ. Соңғы кездері гепатит С-ның эпидемиялық жағдайының бірден белсенуі де байқалады: жедел гепатит С-мен ауру көрсеткіші жылдан жылға жоғарылауда. Аурумен жиі жас адамдар ауырады; аурудың созылмалы түрге ауысып бауырдың циррозы мен біріншілік бауыр рагымен аяқталуы деңгейі жоғары.
Жұғу жолдары: залалсыздандырылмаған инемен инъекциялану, гемодиализ, татуировкалар, инемен және инструменттердің өткір ұштарымен тері қабатының зақымдалуы, сілекей арқылы тасымалдану, перинатальды, жыныстық жолмен, қан және оның препараттарын құю.
Қауіп топтары: наркомандар, сотталғандар, гемодиализ сеансын алған науқастар, инемен және өткір құралдармен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері, донор қанының реципиенттері.
Гепатит С-ның клиникалық диагно- стикасы. ВГС жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел гепатит С – вирусты гепатит С мен шақырылған инфекция. Айқын клининкалық жағдайларда жедел бауырдың зақымдалу симптомдарымен көрініс береді, өте жиі ол аздаған интоксикациямен және көп жағдайда созылмалы гепатиттің дамуымен аяқталады. Көптеген жағдайда вирусты гепатит С инфекциясы созылмалы ағымда жүреді. Бұндай ағым бұрын жедел HCV инфекциясымен ауырған шамамен 70% науқастарда кездеседі, тіпті бұрын жедел түрімен ауырмаған болуы да мүмкін. Бауыр ферменттерінің жоғарылау деңгейі бауыр тінінің зақымдалу ауырлығымен түзелмейді. Созылмалы вирусты гепатит С инфекциясымен шамамен 20% науқастарда цирроз дамуына алып келеді. Көбіне жұқтырған науқастарда ауру субклиникалық түрде жүреді.
Емі. Созылмалы гепатит С-ны емдеу үшін альфа -2 а интерферон тағайындау ұсынылады.
Алдын-алуы: «С» вирусты гепатит вирусының биологиялық қасиеттерін және оның аса жұғымталдығын ескере отырып, аурудың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет:
1. медициналық мекемелерге және косметологиялық қызметке жүгінген кез- де сақтау мерзімі өтпеген, герметикалық орамадағы, бір рет қолданатын медициналық және косметологиялық құралдардың қолданылуына, медициналық персоналдың міндетті түрде резеңке қолғапты пайдаланып, қолдарының залаласыздандырылуына;
2. жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттарды жеке пайдаланып, оның талаптарын қатаң сақтауға;
3. кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақ болуға;
4. жыныстық қатынасқа түскен кезде контрацептивтік заттарды пайдалануға; 5. нашақорлар арасында инелер мен шприцтерді жеке пайдалануға;
А.Е.ІЗТІЛЕУОВА,
дәрігер инфекционист
Сурет Про Анализы сайтынан алынды
«Өскен өңір» газеті, 25 ақпан 2017 жыл |