Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:45
ТОРШАЛЫҚ ТЕРАПИЯ ЕКІ ПАЦИЕНТКЕ ЖАНАРЫН ҚАЙТАРДЫ

 

 

Ұлыбританияның мамандары жас шамалық макулярлық дегенерацияны емдеудің төңкерістік әдісін алғаш қолданды. 80 жасар еркек пен 60 жастағы әйел тіпті көзілдірік арқылы да оқи алмайтын. Бірақ діңдік торшалар қолданылған терапияның нәтижесінде пациенттердің жанары қалпына келді деп хабарлайды The Daily Mail.

Процедураны денсаулы
қ сақтау саласындағы зерттеулердің Ұлттық институты қызметкерлерінің көмегімен Лондонның Университеттік колледж ғалымдары ойлап тапқан. Ол жергілікті анестезия арқылы бар болғаны 45 минутте атқарылады. Бір ғана эмбрионалдық діңдік торшадан тор қабықтың 100000 пигменттік жасушасы бар 6 миллиметрлік телім алынады.  


Одан соң телімді орап, жұқа түтікке айналдырып кішкене есік арқылы көзге енгізеді. Кейін орау ашылып, жарамсыз жасушаны алмастырады. Бұл тор қабықтың ар жағына орналастырылады. Телімді тор қабықтың астына қою үшін арнайы жобаланған хирургиялық аспап қолданылды. Пациенттер 12 ай бойына бақыланды. Олардың жанары елеулі түрде жақсарды. Емнің нәтижесінде еркек пен әйел енді оқуға арналған көзілдірік арқылы минутына 60-80 сөз оқи алады.

 

«Сыр медицинасы» газеті

 

Дереккөз: http://www.meddaily.ru

Просмотров: 504 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]