31.03.17
Алматыда әлемдік фармацевтика саласындағы көшбасшылардың бірі "Teva" компаниясы дәрігерлердің дисбиоз мәселесі жайлы ақпараттылығын арттырып, оны шешу жолдарын анықтауға бағытталған конференция өткізді. Шараға еліміздің және Ресейдің үздік мамандары шақыртылған.
Сау ішек - денсаулық кепілі. Оның қызметінің бұзулы ағзаның әлсізденуіне әкеледі. Ал дисбактериозға шалдыққан науқастарға дәрігерлер уақытында дұрыс диагноз қойып, керек емді тағайындай алуы маңызды. Осы салада отыз жылдық тәжірибесі бар ресейлік ғалым Петр Щербаков метабиотиктер арқылы ішектің жұмысын жақсартып, зат алмасу процесін одан сайын белсенді етуге болатынын айтты. Әрі оған эндоскопиялық дәлелдер келтірді.
ПЕТР ЩЕРБАКОВ, мғд, профессор:
- Қалыпты микрофлоралар мен патогенді микрофлоралардың арасындағы тепе-теңдік бұзылған кезде әртүрлі аурулар пайда болады. Метабиотиктерді ұсыну келтірілген алғашқы бөліктердің өсіміне әкеледі. Сол арқылы дұрыс микрофлораны қайта қалыпқа келтіреді. Және тыныс алу органдарының асқынған аурулары мен бронх қабынуында, т.б. кездерде де пайдалы.
Мамандар дисбиозға шалдыққан жандардың өз бетімен ем тағайындай беруіне болмайтынын ескертеді. Себебі ішек ауруларын сауықтыруға бағытталған жүздеген препараттың арасынан керегін дәрігер кеңесіне жүгініп барып қана таңдау қажет.
СӘУЛЕ ДИҚАНБАЕВА, мғд, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры:
- Қазір нарыққа жаңа дәрі-дәрмектер шығып жатыр. Дәрігерлер преапараттартың әсерін, көрсеткішін білуі тиіс. Осы орайда мұндай конференциялардың өткізілуін құптаймын. Бір жағынан дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыратын мүмкіндік.
Конференцияға қаладағы емханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері белсене қатысты. Айта кету керек, аталмыш шара Шымкент пен Ақтөбе қалаларында да болды. Жуық арада еліміздің өзге өңірлерінде де өткізілу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қатыса алмаған мамандар Teva компаниясының порталына тіркеліп, конференцияның веб нұсқасын көре алады.
Лимара Салих, Манас Қайыртай, Думан Сүлейменов
http://31.kz/video/show/id/17561/show/ib
|