16:29 ТҰРҒЫНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ |
Апта ағымында «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар» Сырдария аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен «Денсаулық керуені» акциясы өтті. Кент орталығындағы орталық саябақта ұйымдастырылған денсаулық шарасы барысында кент тұрғындарына тегін медициналық көмектер көрсетіліп, дәрігерлік кеңестер берілді.
Мамандардың айтуынша, тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл акцияның тұрғындар үшін шарапаты мол. Өйткені, кез келген тұрғын емханаға келіп, кезек күтіп әуре болмайды. Көшпелі керуен арқылы білікті дәрігерлердің қабылдауында болып, тексеруден өтеді. Бұл өз кезегінде уақыттың үнемделуіне жол ашады.
Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді басты мақсат еткен акция аясында аудандық орталық емхананың кардиолог, эндокринолог, психолог, гинеколог, онколог, окулист, маммолог дәрігерлері кент тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Тиісті бағыт-бағдар беріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі түсіндірілді. Тұрғындар сала мамандарына алғыстарын айтып, жұмыстарына жеміс тіледі.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
http://tirshilik-tynysy.kz/t-r-yndar-a-meditsinaly-k-mek-k-rsetildi/ |
Просмотров: 1596 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]