Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:57
Шымкентте көз дәрігерлері қабылдау өткізді

 

13.08.2017

Көз ауруларын емдеу Шымкентте «Денсаулық жолы» шарасы аясында облыстық офтальмологиялық аурухана дәрігерлері ашық есік күнін өткізді. Қабылдауға келгендердің қарасы қалың. Мамандардың келтірген мәліметтеріне жүгінсек, елімізде бұл санаттағы аурулар 5-орында тұр екен. «Оған негізде жоқ емес дейді», – дәрігерлер. Өйткені қазір еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін гаджет, смартфон пайдаланады. Сағаттап компьютер алдында отырады. Бұл көз жанарына екі есе ауыртпалық түсіреді. Күні бойы жалғасқан қабылдау барысында науқастарға тиісті кеңестер берілді.

Дулат Үдербаев, облыстық офтольмологиялық аурухананың бас дәрігері:

- Екі сағаттың аясында 71 адам дәрігерге көрінді. Науқастардың 15%-ында өздері әлі біле бермейтін бірінші рет анықталып отырған көз патологиясы табылып жатады. Қалған науқастар көзілдірік көруге қысымын өлшетуге келеді. Біз соңғы келген адамға дейін көмектесеміз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/191274-shymkentte-k-z-d-rigerleri-abyldau-tkizdi

 

Просмотров: 1332 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]