Шомыр – орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық өсімдік, крестгүлділер тұқымдасына жататын, суыққа төзімді өсімдік.
Шомырдың (редька) құрамында В тобының дәрумендері А, С дәрумені, никотинді қышқыл, калий тұздарының үлкен мөлшері, кальций мен натрий, темір, фосфор, күкірт, жасұнық, май мен аминқышқылдары, эфир майлары мен ферменттер болады.
Бауырға пайдалы
Адам бауыр циррозымен ауырғанда оған әртүрлі дәрідәрмектердің шипа болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда халық медицинасы шомырды емге қолдануға кеңес береді. Өйткені, бауыр циррозы мен холесциститке (өт жолы кеселі) кәдімгі шомыр – тұрып деп те аталады (редька) – өте пайдалы. Ол өт пен асқазан шырынының бөлінуін реттеп, ас қорытуды оңдайды.
Алайда, жүрегі мен ұлта-бары ауырып, асқазанда жоғары қышқылды гастриті, жарасы барларға жақпайды. Сондықтан бауыр циррозына басқадай дәрілік өсімдіктерді де қолдана береді.
https://aqmeshit-aptalygy.kz/baskatakiriptar/kerekenes/1025-shomyrdy-paydasy.html |