Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:41
САУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТІЗБЕДЕН ТҮСПЕЙДІ

Елбасы жолдауында еліміздің 25 жылда еңсерген жетістіктері, толағай табыстары жан-жақты баяндалған. Жолдауда жаңа әлеуметтік саясаттың 5 бағытын, жаңа инвестициялық саясаттың 4 бағытын, жаңа ғаламдық шындықтың 4 қауіп-қатерін, Қазақстанның дағдарысқа қарсы 7 мүмкіндігін анықтап берді. Жаһандық бәсекелестік пен қиын-қыстау кезеңдерде кезіккен кедергілерден өтуімізге Елбасы бастамасымен құрылған «Қазақстан-2050» стратегиясы себеп болды деп нық сеніммен айта аламыз. Өзектілігі уақыт өткен сайын асқан бұл құжат біздің басты бағдаршамымызға айналды десек артық емес. Биылғы жыл да өзінің мәртебелі әрі үлкен абырой жүктейтін жауапкершілігімен енді. Елбасының биылғы Жолдауы Ұлт жоспарының жемісті жүзеге асырылуына тікелей бағдар болған бас құжат. Еліміз осының нәтижесінде сын-қилы сәттерден лайықты өтіп, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңін еңсерді. Биылдан бастап, мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізілді. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанына тоқталды. Сонымен қатар медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынды. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтары да қатысып, оларға мемлекеттік қолдау көрсетілетіні, дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажеттігі туралы баяндады. Мұның барлығы Елбасының халқына жасап жатқан қолдауы деп білеміз.

Күләйша МАТАЕВА,
Сұлутөбе дәрігерлік
емхана медбикесі

http://aqmeshit-zhastary.kz/zharshy/sauly-m-selesi-k-n-tizbeden-t-spejdi/

Просмотров: 924 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]