18:49 САРЫ ТҮСТІҢ СЫРЫ НЕДЕ? |
Айналадағы түстердің адамға берер әсері көп. Сондықтан да түстер туралы әркімнің талғамы әр түрлі болып келеді. Мәселен, сары түс – адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарды қолайсыздықтан қорғайды. Сондай-ақ сары түс адамға қуаныш сыйлайды. Негізінен сары түске қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік, шығармашылық өнері бар адамдар жақын келеді. Ал қызы сары түс (оранжевый) депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сонымен бірге кейбіреулердің бойында байқалмай жүрген қабілеттерін арттырады. Қызыл сары түсті киім таңдаған адамдар ақкөңіл, мейірімді, адал болып келеді. Бұл түстің адамдардың арасына жақсы қарым-қатынас орнатуға да тигізер әсері мол.
Дайындаған Ай-Наз
http://osken-onir.kz/sary-t-sti-syry-nede/ |
Просмотров: 1071 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]