Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:45
Сөздің шыны керек: Міндеттелген сақтандыру

18.05.17, 20:24

Міндетті сақтандырудың ақшасын кім төлейді?

Әлеуметтік жүйе туралы әлеумет хабардар ма?

Келер жылы енер жаңа жүйеге әзірлік ерте басталды. Неге?

 

Бұл - Алматыдағы №17 қалалық емхана. Танымал тілшілерді есігінің алдынан күтіп алған ақ халаттылар "Емханаға тіркел де, статусыңды анықта!" атты арнайы акция өткізіп жатыр.

 

ШҰҒЫЛА ТӘЖІБАЕВА, №17 қалалық емхана қызметкері:

- Өзіңнің емханаңа келіп, тіркел деген акция бойынша жүргізіліп жатыр. Әр азамат өзінің тұрғылықты жеріндегі емханаға келіп тіркелуге болады. Оған тек төлқұжаты ғана керек.

 

Яғни, келер жылы енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру кезінде емханаға таңдауды өзіміз жасайды екенбіз. Өз емханасына тіркеліп алғаннан кейін, мәртебеңіз анықталады. Яғни, медсақтандыру кезінде өзіңіздің қай топқа жататыныңызды анықтау қажет.

 

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Медициналық сақтандыру қорының тарабынан бөлінген қаржы сақтандыру жүйесіне кірген азаматтарға арналса. Өзі, немесе жұмыс беруші не өзі, немесе мемлекет төлеуі керек.

 

Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруын мемлекет төлейтін топқа төмендегі азаматтар жатады:

Экономикалық белсенді емес тұрғындарға жататындар:

1. Балалар;

2. «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты

ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;

4. мүгедектер;

5. жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6. интернат ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін адамдар;

7. техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;

8. баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап

алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды)

күтіп-бағу бойынша демалыста жүрген әйелдер;

9. жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін

оны (оларды) тәрбиелеп отырған әйелдер;

10. зейнеткерлер;

11. соттың үкімі бойынша жазасын сот-атқарушылық жүйе мекемелерінде

(пенитенциарлық) өтеп жүрген адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін

қоспағанда);

12. уақытша ұстау изоляторында және тергеу изоляторында ұсталатын адамдар.

 

Ал, Сіз жұмыскер болсаңыз, онда міндетті сақтандыру үшін, 2019 жылдан бастап, айлық еңбекақыңыздың 1 пайызын, 2020 жылдан бастап, 2 пайызын төлей бастайсыз. Ол қаржыны жұмыс беруші сақтандыру қорына аударып отыруы керек. Ал, еліміздегі екі миллионнан астам жұмыссыз азамат қорға ақшаны қалтасынан, яғни айына 1400 теңгеден төлеп отыруы тиіс. Мұндай қаржы таппағандар профилактикалық ем алып, дәрігерге тексеріле алмайды. Тек жедел жәрдем шақыртып, шұғыл көмектерді тегін алуға ғана құқылы...

 

ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауырып келіп отырса экстренно жағдай онда оған көмек көрсетіледі. Жедел жәрдем көмегі де, температурасы да көтерілсе де кепілденген көмек көрсетіледі

 

Айта кету керек, жаңа жүйені келер жылы енгізу үшін қаралып жатқан заң жобасы парламентте толық мақұлданбай жатып-ақ, әзірлік жұмыстары әлдеқашан басталып кетті. Мәжілісте жаңа жүйені таныстырып тұрған министрге депутаттар көп сауал қойды. Ал, мәжіліс төрағасы емделуге келген жұртты тіркеу кезіндегідей дүрліктірмей, ұйымдастыру жұмыстарын тездетіп бітіруге шақырды...

 

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- И начать надо с медиков, Елжан Амантаевич, чтобы осенью, не к 1 января, а к осени, иметь все списки прикрепленных к медучреждениям граждан с учетом правильного их статуса.

 

Дегенмен заң жобасын депутаттар бірауыздан мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді. Енді науқасты емдеуден бұрын, жазатын қағазы таусылмайтын ақ халаттылар әбігерге түсіп жатыр. 17 миллион халықты түгендеп, санатын анықтау да оңай шаруа емес. Сондықтан сайлау кезіндегідей ауыл үйдің итін арпылдатып, көше аралау жұмысын ақ халаттылар бастап та кетті.

 

ЖАНАР МАТИЕВА, "Белбұлақ" дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі:

- Біздің өз күшіміз жетеді. Дегенмен, әкімшілік қызметкерлері, мектеп ұжымы көмектесіп жатыр. Бізге мұнда 10 600 адам қарайды. Соның 8000-ға жуығы тіркелген. Екі мыңға жуығының мәртебесі анықталмай отыр.

 

Он дәрігерім мен он медбикем бар. Солардың арқасында ауыл-үйді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп болдық деп, сұхбат берген меңгеруші ханым, пайыздық мөлшерлемелерін шатастырып алса да, сақтандыруға қатысты мағлұматтың бәрін білетін кейіп танытып бақты.

 

ЖАНАР МАТИЕВА, "Белбұлақ" дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі:

- 18 года будет 4 процента от зарплаты. 19 года 5 процентов. 20 года 6 процентов.

 

Дегенмен, біз тілдескен тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен хабарсыз болып шықты.

- Вот щаасьт ребенка привезли, а так ничего не слышали.

- Естідіңіздер ме? Бұл кісілер только только келіп жатыр. Бізге көбінесе келеді приезжают с Узбекстана.

 

Дәрігерлерді түсінуге болады. Науқас емдеудің орнына, табанынан таусылып, ел түгендейтін топқа таяуда ұстаздар легі қосылады. Өйткені, 17 миллион халықтың санатын мәжіліс төрағасы айтқандай, күзге дейін анықтау оңай шаруа емес.

 

Енді жалақыңыздан салық пен зейнетақы аударымдарынан өзге қосымша сома ұсталып қалса, ол денсаулық сақтау аудармасы деп біліңіз. Бірақ мәселе, қанша ұсталатынында? Егер айлығыңыздың көлемі 100 мың теңге болса, жұмыс беруші Сіз үшін сақтандыру қорына ай сайын 2000 теңге, 2020 жылы 5000 теңге аударады. Ал, қордағы ақша Сізбен бірге жүреді. Қай емханаға қараласыз, ақшаңыз артыңыздан сонда барады деген сөз. Айта кету керек, дәл осы жүйені жүзеге асыру жолдары 90 жылдарда да басталған-тын. Алайда, қор басшысы қордағы қаражатты қолды қылып, ел сақтандырусыз қалған болатын. Енді сол өткен жағдай, бүгінге сабақ болса, игі. Өйткені, онсыз да зейнетақы қорындағы қаражатына үнемі алаңдап жүретін ел, денсаулығы да қолды болып кетпесе деп қорқады.

http://31.kz/video/show/id/18283/show/ib

Просмотров: 1037 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]