Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:34
Сөк – ата бабамыз әзірлеген тағам.

Сөк – ата бабамыз әзірлеген тағам. Сөктті дайындау үшін түйілмеген қара тарыны тазалайды, одан соң қазанға қайнаған суға салады. Тары су сіңірген кезде судан сүзіп алады. Тарыны кептірместен, қазанда қуырады, бір ұшын шүберекпен ораған былғауышпен куйдірмей араластырып отырады. Дайын тарыны басқа ыдысқа салып, келсаппен түйеді. Одан соң қауызын ұшырады. Мұны тары түю дейді. Бұдан кейін тарыны қаралайды. Қаралап болғаннан кейін қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Осылайша сөк пайда болады. Сөктен түрлі талқан, жарма, тары көже, түп, біртпе тағы басқа дәмді ұлттық тағамдар жасалады. Балалар, жастар сөкті құрғақтай да жей береді. Сөкті майға қуырады, оны майсөк деп атайды.

www.askartau.com

 

 

Просмотров: 670 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]