Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:54
ҚОЛ ТЕРІСІ ЕРТЕ ҚАРТАЙМАСЫН ДЕСЕҢІЗ

Кез келген жан қолының сұлу болғанын қалайды. Алайда, адамдардың бетінен бұрын қол терісінің ерте қартаятыны белгілі. Әсіресе, ауыр жұмыстармен айналысып, күтім жасамайтын адамдардың қолы 25 жастан кейін-ақ құрғап, әжім түсе бастайды. Сондықтан, қол терісіне күнделікті мән беру қажет. Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ ассаңыз артық етпейді.

  1. Қолды ыстық сумен жусаңыз су терідегі майды кетіріп, құрғатып тастайды да, тері қатты бола бастайды. Сол үшін жылы сумен жуынуға әуестеніңіз.
  2. Суық күндері міндетті түрде қолғап киюді ұмытпаңыз.
  3. Шынтақ та күтімді қажет етеді, сол себепті крем жаққанда шынтағыңызға жағуды ұмытпаңыз.
  4. Иісі өткір, әрі арзан сабыннан гөрі балаларға арналған сабынды пайдаланған дұрыс.
  5. Күнделікті крем жағуды әдетке айналдырыңыз. Және де кремді саусақтан жоғары қарай жағып, массаж жасау қажет.
  6. Анда-санда қолға пилинг жасап тұрған дұрыс. Ол үшін 1 шай қасық құмшекер мен 2 шай қасық күнбағыс майынан жасалған қоспаны қолға жағып, 1-2 минут бойы уқалау керек.
  7. Жалпы ыдыс, кір, еден жуғанда қолға резеңке қолғап киюге дағдылану қажет. себебі сабындар қол терісіне зиянды әсер етеді.

 

Гүлхан ЯХИЯЕВА

http://osken-onir.kz/ol-terisi-erte-artajmasyn-dese-iz/

Просмотров: 866 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]