Главная »
2017 » Ақпан » 27 » Оңтүстік Қазақстандағы емдеу мекемелерінде туберкулез жұқтырғандар саны артты
18:14 Оңтүстік Қазақстандағы емдеу мекемелерінде туберкулез жұқтырғандар саны артты |
Автор: Бек Әбиев
Өткен аптада ғана Түркістандағы ақыл-есі кемдерді емдейтін психоневрологиялық мекемеде 61 науқастың қауіпті дертке шалдыққанын айтқанбыз. Дерт тағы сол мекемедеғі төрт науқастан табылып отыр.
Мұны Астанадан арнайы келген Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған комиссия анықтаған. Күнгейдегі өзге де мекемелерді жіті зерттеген топ Көксәйек ауылындағы психоневрологиялық мекемеден де 7 адамның туберкулезбен ауыратынын анықтапты. Ал, Шымкенттегі мекемеден 2 емделушінің жұқпалы ауруды жұқтырғанын білген дәрігерлер дабыл қағып, енді жаппай өзге де әлеуметтік нысандарды тексеру қажет дейді.
Мұхан Егізбаев, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
-Білім беру басқармасында осындай 22 объекті бар. Осыларды да түгелдей тексеру мақсатында флюраапаратты қойып, тексеруден өткізуді бастаймыз.
Дереккөз: http://www.ktk.kz/kz/news/video/2017/02/27/76439 |
Просмотров: 1389 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]