Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:24
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіру үшін не істеу керек?

06.04.2017, 21:06

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіру үшін не істеу керек? Жұмыс беруші қашаннан бастап жарна төлей бастайды? Ал мемлекет кім үшін жарна төлейді? Бұл сұрақтардың жауабын әрбір қазақстандық азаматтың білгені жөн. Еліміздің денсаулық саласы жаңа жүйеге көшу дайындығын қызу жүргізіп жатыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіру үшін ең алдымен емханаға тіркелу қажет. Оны өз қалауыңызға қарай таңдайсыз. Тіркелу үшін өтініш пен жеке куәлік қана талап етіледі. Бұл жұмысты электронды үкімет порталы арқылы да жасауға болады. Әрбір Қазақстан азаматы осы жылдың маусым айының аяғына дейін емханаға барып, тіркеліп үлгеруіңіз тиіс. Егер олай болмаған жағдайда тіркелеген мекенжайыңызға қарасты емдеу мекемесіне автоматты түрде өтесіз. Бұл – сақтандыру жүйесіне енудің алғашқы қадамы. Себебі осы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлеу басталады.

Ерік Байжүнісов, ӘМСҚ жоспарлау және медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры:

- Биыл жұмыс берушілер орташа алған жалақының 1 пайызын төлейді, келесі жылдан бастап 1,5 пайыз төлейді. Оның құнын есептегенде, екі мың теңгенің ар жақ - бер жағы болып шығады. Кәсіпкерлер ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінің 5 пайызын төлейді. Жалдамалы жұмыскерлер сақтандыру жарнасын төлеуге 2019 жылдың қаңтарынан кіріседі. Бастапқыда жалақының 1 пайызы алынса, 2019-2020 жылға қарай жұмыс беруші мен жұмысшының бірігіп төлейтін төлемі 5 пайызға жетеді. Сақтандыру жарнасын төлеуде салмақ мемлекетке түседі. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар мемлекет қамқорлығында болады. Ол қатарға зейнеткерлер, бала күтімімен отырған әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты 14 әлжуаз топ кіреді. Бүгінде ондай адамдардың саны Қазақстанда 10 млн-нан асады. Олар үшін жарна 2018 жылдан бастап төлене бастайды.

Ерік Байжүнісов, ӘМСҚ жоспарлау және медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры:

- 18 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа көздер де қосылады. Мемлекет тарапынан біздің 17 млн халықты алғанда, соның 14 санаты – әлеуметтік жағынан осал таптар. Төленетін жарнаның көлемі – 3,75 пайыз. Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер де ай сайын жарна төлеуге міндетті. Көлемі – ең төменгі жалақының 5 пайызы. Яғни 1114 теңге. Оны ай сайын немесе бір жылға бірден төлеп тастауға рұқсат етіледі. Елімізде осы топқа кіретін өз күнін өзі көріп жүрген адамдар саны – 1,5 млн. Денсаулық саласындағылар жаңа жүйе қаражатты мақсатты пайдалануға, медициналық қызметті көтеруге серпін береді дейді.

Ерсін Жүнісов, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- Бұдан қоғам ұтады. Жеңілдіктер көп. Тұрғындарға пайдалы. Қолжетімді сапа. Медициналық сақтандыру жүйесі жекеменшік пен мемлекеттік емдеу мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттырады. Демек қызмет көрсету сапасы жақсарып, әрбір науқас үшін тартыс тумақ. Мамандар жаңа жүйе медициналық қызмет сапасын көтеріп қана қоймай, әр адамға өзінің денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауға үйретеді деп отыр. Ал халыққа жедел көмек көрсету, аурудың алдын алуға арналған екпе егу мен кепілдендірілген медицина қызметі өзгеріссіз қалады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/171452-n-ne-isteu-kerek

Просмотров: 1077 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]