Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:01
МЕРГЕНСАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ


 

Тәуелсіз еліміздің баянды болашағы да, кемел келешігі де елімізде өмір сүріп жатқан халықтардың денсаулығына тікелей байланысты. Осы ретте, мемлекетіміздің ұстанып отырған сындарлы саясатының арқасында елімізде әрбір азаматтың өз денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр.

Оған, бүгінгі Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округінде пайдалануға берілген жаңа медициналық бекет айқын дәлел деуге болады. Заман талабына сай жабдықталған мекеменің ашылғанына жергілікті жұртшылық дән риза.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылған әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев пен Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов жиналған жұртшылықты қуанышпен құттықтап, медициналық бекеттің лентасын қиды.

Тұрғындарға лебізін білдірген аудан басшысы өз сөзінде қазіргі таңда аудан бойынша тағы дәл осындай екі нысан ел игілігіне берілетіндігін айтып, және аудан орталығында бөй көтерген 150 орындық аурухана да келер жылы ашылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, облыстық мәслихатың хатшысы Н.Байқадамов та көпшілікке ақжарма тілегін білдіріп, айдынды Арал ауданы жыл санап қарқынды дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Айта кету керек, шараға қатысқан ауыл ардагері Қожабай Зұлқарнаев та ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды, соның ішінде Мергенсай ауылдық округі бойынша жасалып жатқан игі бастамаларға халық риза екендін және ауылдың даму жағдайы күннен күнге жақсарып келе жатқандығын жеткізді.


Сая Ералиева

Просмотров: 708 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]