Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:42
МЕЙІРБИКЕЛІК ҚЫЗМЕТКЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР. ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. ИННОВАЦИЯЛАР

Еліміздегі мейірбикелік іс ұдайы жетілдіруді талап ететін динамикалық үдеріс (процесс). Денсаулық сақтау саласында еңбек ететін мейірбикелік қызметкерді басқару, дамыту және тәрбиелеу қазіргі кезде аса өзекті. Денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын мейірбикелік іс жеткілікті кадрлық ресурс иеленеді. Сондай-ақ тұрғындардың қол жетімді және көңілге қонымды медициналық көмекке деген қажеттілігін өтеуге оның толық мүмкіндігі бар. Мейірбикелік істің – бір мезгілде өнер де, ғылым да болып табылатыны баршаға мәлім. Ол арнайы машықтарды, білімді және оларды практикалық қолданудағы ептіліктерді талап етеді. Оған қоса әр түрлі гуманитарлық пәндердегі білім мен әдістерге, сондай-ақ физикалық, әлеуметтік (социалдық), медициналық және биологиялық заңдарды зерттейтін ғылымдарға арқа сүйейді. 
Мейірбикелік істі басқару – бұл ғылыми білімдерді қолдануға негізделген күрделі үдеріс. Мейірбикелік үдеріс – күнделікті мейірбикелік практиканы ұйымдастыруға көмектесетін проблемаларды шешуге арналған құрылым. Оның анық қадамдары бар. Бұл клиенттің нақты проблемасымен жұмыс істеудегі басшылықты қамтамасыз ететін: бағалау, диагноз, жоспарлау, орындау және қорытынды баға. 
Мейірбикелік мамандардың ықпалды ұйымдастырушылық қызметін жүзеге асыру үшін бас мейірбикелерді қазіргі заманғы интерпретациялауда, яғни мейірбикелік қызметтің кәсіби менеджерлері ретінде дайындау қажет.Денсаулық сақтау мен мейірбикелік істі ұйымдастырушыларға бұл саланың проблемалары жете таныс. Біздің ойымызша, соған сүйене отырып қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың творчестволық ғылыми және педагогикалық ұжымдармен қауымдасып жұмыс істеуі проблеманың шешімі болып табылады.Мейірбикелік үдерістің мақсаты пациенттің дербестігін ұстап тұру және қайта қалпына келтіру, организмнің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 
Мейірбикелік үдеріс мейірбикеден жақсы техникалық дайындықты ғана талап етіп қоймай, оған қоса пациентке күтім жасаудағы творчестволық қатынасты, онымен манипуляция нысаны ретінде емес, тұлға ретінде жұмыс істеу ептілігін сұрайды. Мейірбикенің ауру адамның ұдайы қасында болуы және оның пациентпен тұрақты контакты оны пациент пен сыртқы әлем арасындағы негізгі буын етеді. Денсаулық сақтау ұйымының мейірбикелік қызметкерінің іс-әрекетін табысты басқару үшін бас мейірбике төрт негізгі функцияны орындайды. 
Атап айтқанда, олар: жоспарлау, түрткілеу (мотивациялау), іс-әрекетті ұйымдастыру және  іс-әрекетті бақылау. Жұмыс ықпалдылығын арттыру үшін бас мейірбикеге басымдықты құруды үйренуі тиіс. Мейірбикелік көмек сапасын тек мейірбикелердің іс-әрекеті зерттелгенде, белгілі бір құрылымға және қалыпқа келтірілгенде ғана басқаруға болады, демек оның стандартқа сәйкес бағалануы мүмкін. Жалпыға бірдей стандарттарды құрастыру мен қолдану мейірбикенің әрбір негізгі функцияларының кілттік құрамдас бөлігі және өз әрекетіне жауапкершілікке қажетті шарт болып табылады. Оның өз әрекетін логикалық негіздеуге қабілетті болуы маңызды. 
Мейірбикелік көмектің сапасын бақылау жүйесін мынадай деңгейлермен қарастыруға болады:
Бірінші – кезекшілікті қабылдау мен тапсыру сапасын ағымдағы бағалау;
Екінші – жетекші маманның манипуляциялық техниканың, күтімнің сапасын кезең сайын бағалауы;
Үшінші -  критерийлер бойынша мейірбикелік көмектің сапасын (жылына екі рет) тереңдетіп бағалау;
Төртінші – проблемаларды анықтау және түзету, кәсіби шеберлік мектебінде талқылау, семинарларда оқыту.
Стандарттарды қолдану мейірбике жұмысын жеңілдетеді, бұйымдар мен уақыттың босқа шығындалуын азайтады, сабақтастықты қамтамасыз етеді, пациенттерге қызмет ету сапасының және емдеу нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартады.Іс-әрекет стандарттарын әрқашан қолында ұстау арқылы мейірбикеге пациенттерді зерттеулерге дайындау немесе манипуляцияларды орындау алгоритмін табу және есіне түсіру жеңілірек (қосымша басқа жерден іздеудің немесе дәрігерді мазалап сұраудың қажеті жоқ). Сапаны бағалауға процессуалдық тұрғыны бөлімшенің аға мейірбикесі жүзеге асырады. Бас мейірбике аға мейірбикелердің жұмыс сапасын бағалайды. Емдеу, күтім жасау, асқынулардың алдын алу және ерте оңалту мәселелерін қарастыруға кешенді тұрғыдан келу ондағы орталық буын пациент болып табылатын кері байланыс жүйесімен бірге динамикалық жүйеде қарастыру қажеттігін талап етеді. 
Мейірбике ролі науқастың жай-күйін дер кезінде бағалауда, сырқаттың өмір сүру сапасын жақсартуда, асқыну қауіптерін мейлінше азайтуда жатыр.Дұрыс іріктелген басшылық табысқа жетудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ұйым өз мақсатына жету үшін міндеттердің еңбекті вертикалды бөлу жолымен үйлестірілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымның ықпалды жұмысы үшін функционалдық міндеттерді және өкілеттерді, сондай-ақ олардың өзара қатынасын нақты және айқын анықтау маңызды. Ұйымның әрбір қызметкерінің өзінен не талап етілетінін, қандай өкілеттілікті иеленетінін, басқа қызметкерлермен өзара қатынасының қандай болуы тиістігін білгені жөн. Айтылғандарды қорыта келе мейірбикелік қызметкердің – денсаулық сақтаудың маңызды стратегиялық ресурсы екені мойындалуы тиіс. Оны басқаруды инновациялық тұрғыдан ұйымдастыру заман талабы. 
Бұл үшін мынадай мәселелер қарастырылып, өз шешімін табуы қажет:
- мейірбике кәсібінің әлеуметтік мәртебесін және әлеуметтік-экономикалық қорғалуын арттыру;
- мейірбике – емдеу-дигностикалық және профилактикалық үдерістің тең құқылы қатысушысы;
- мейірбикелік үдерісті инновациялық ұйымдастыру технологиясы ретінде жалпы практикаға енгізу;
- мейірбике жұмысын стандарттау және оның сапасын көтеру;
- мейірбике практикасы мейірбикелік істің ғылыми модельдеріне негізделуі тиіс.       
- мейірбикелік қоғамдық ұйымдардың ролін және мәнділігін арттыру.
Әрине, еліміздегі мейірбикелік істі жетілдіру бойынша көптеген жолдардың ұсынылуы мүмкін. Біз қарастырған мәселелердің мейірбикелік істі ұйымдастырушылардың назарына ілігеді және оларды практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ететін нормативтік құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар дайындауда ескеріледі деп үміттенеміз.  

Медициналық әдебиеттер: 
1. Блохина М.В. "Методика деловой оценки различных категорий сестринского персонала”//Методические рекомендации для главных медицинских сестер учреждений здравоохранения// – С.: ГОУ ВПО СамГМУ Росздрава, 2007. 
2. "Сестринское дело”. //Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие (Под ред. Г.П. Котельникова. 2-е издание перераб.// – Ростов н/Д: Феникс 2006 – (Высшее образование). 

Л.Н. СҚАҚОВА
"мейірбике ісі” бөлімінің меңгерушісі,
Т.К. ҚОНЫСБЕКОВА
Ш.Н. ҚАЛЫМБЕТОВА,
"мейірбике ісі негіздері” пәнінің оқытушылары,
Қызылорда медицина колледжі  
Просмотров: 7608 | Добавил: психолог | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]