Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:17
Маңғыстау облысында емханаларда педиатр мен терапевттер тұрғындарды қайтадан бөлек қабылдай бастады

Маңғыстау облысында емханаларда педиатр мен терапевттер тұрғындарды қайтадан бөлек қабылдай бастады. Бұған дейін балалар мен ересектерді бір дәрігер қарап, ұзын сонар кезектен елдің мазасы кеткен еді. Ақтаулықтардың шағымы министрлікке жетіп, емханалар бұрынғысынша жұмыстарына қайта кірісті.

 

Төрт баланың анасы Айсұлу Жанахметова бүгін кенжесін балалар дәрігерінің қабылдауына әкелген. Әдетте педиатрға кіру үшін ұзын-сонар кезекте кем дегенде бес сағат отыратын Айсұлу бар-жоғы жарты сағатта маманға көрсетіп шыққанын айтады. Бұған дейін педиатр қызметін терапевтке ауыстырып, бір маманға қарап қалған тұрғындар бірден денсаулық сақтау саласындағы бұл реформаға қарсы шыққан еді. Ақыры жаңа талапқа көнбеген ата-аналар бір ай бойы шағым түсіргеніміздің арқасында мәселе түбегейлі шешілді,- дейді.

 

АЙСҰЛУ ЖАНАХМЕТОВА, Қала тұрғыны:

- Бала мен үлкен кісіні екеуін екі бөлек маман қарағаны дұрыс болды деп ойлайтынмын. Өйткені баланың сырқаты басқа, ал үлкендердікі тіптен бөлек. Кезек күткенде де ыңғайсыз еді, артыңда қарттар тұрады өткізуге баламыз сырқат.

 

Балалар емханасында қазір 20 педиатр бар. Енді әр маманға 500 баланы қарау міндеттелген. Олардың отыратын орындары мен кабинеттері қайтадан жабдықталып жатыр.

 

ЖАННА ШАНЫТБАЕВА, №2 Ақтау қалалық емхана директорының орынбасары:

- Ата-аналардың шағымына байланысты жалпы тәжірибелі дәрігерлерге барудан бас тартып. Үлкен кісілер мен балалардың қабылдауына біз күтіп тұра алмаймыз дегендіктен осындай шешім қабылдап, бөлек қабылдап жатырмыз.

 

Ақтаудағы емханалардан бөлек аудан-ауылдардағы ауруханалардағы терапевт пен педиатрлар науқастарды бөліп қабылдайды. Ал әзірге ескі жүйемен жұмыс істей бастаған тек Маңғыстау облысы сияқты.

 

Жәмила Қибасова,Мұхаммед Шадкам

http://31.kz/video/show/id/17686/show/ib

 

Просмотров: 802 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]